Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Соңына дейін сенген жоқпын": Коронавирус жұқтырған жамбылдық тұрғын жерлестеріне үндеу жасады

Опубликовано:

Өткен аптада Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 100-ден астам жағдайы тіркелді. 28 мамырдағы жағдай бойынша облыста КВИ-мен ауыратын 362 адам бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап.

"Соңына дейін сенген жоқпын": Коронавирус жұқтырған жамбылдық тұрғын жерлестеріне үндеу жасады
Видеодағы кадрлар: UGC

Жамбыл облысында коронавирус жұқтырғандардың 180-і жазылған, бірақ 181-і әлі де жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр. Солардың бірі – Тұрғынбаева Сейсекүл Мұратқызы.

Айтуынша, 8 мамыр күні дене қызуы бірден 39 градусқа дейін көтеріліп, әлсіздік, дімкәстік пайда болған.

"Сөйтіп жедел жәрдем дәрігерлері жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызды, әлі күнге осында емделіп жатырмын. Шынымды айтсам, коронавируспен бетпе-бет келемін деп ешқашан ойламаппын, салдары осындай болады деп те күтпедім. Соңына дейін бұл жағдайға сене алмадым.
Мен облысымыздың барлық тұрғындарына үндеу жасағым келеді.
Алдын алудың барлық ережелерін сақтаңыздар, маска киіп жүріңіздер және карантин режимін сақтаңыздар.
Бұл өте ауыр ауру. Мен 7 күн жансақтау бөлімінде жаттым. Аурухананың барлық ұжымы мен еліміздің барлық дәрігерлеріне осы ауруды жеңу жолында аянбай тер төгіп, күресіп жатқан барлық азаматтарға шын жүректен ризашылығымды білдіремін.
Олардың тәулік бойы демалыссыз қалай жұмыс істеп жатқандарын өз көзіммен көрдім. Бұл оңай емес. Оларға көмектесейік. Ең бастысы – біз біргеміз!", – дейді Сейсекүл Мұратқызы YouTube-та жарияланған үндеуінде.

Айта кетейік, дәрігерлер мен жауапты мамандардың барлық ескертулеріне қарамастан, азаматтар карантиндік сақтық шараларын елемей келеді.

Қазір көшеде бетперде киген адамды кездестіру әдеттегіден гөрі сирек кездеседі. Көбісі бұл инфекцияның бар екеніне сенбейді.

Санитарлық дәрігерлердің айтуынша, егер аймақтарда COVID-19 ауруының таралуы жалғасатын болса, онда карантин шараларын жеңілдету жайлы әңгіме қозғау тіпті ерте.

Соңғы мәліметтер бойынша елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 9932-ге жеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857994-soyna-dejin-sengen-zokpyn-koronavirus-zktyrgan-zambyldyk-trgyn-zerlesterine-ndeu-zasady/

pixel