Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Біріккен ұлттар ұйымының жүзге жуық бітімгері коронавирус жұқтырған

Опубликовано:

Біріккен ұлттар ұйымының 100 мың бітімгері әлем бойынша 13 операцияға қатысуда. Солардың ішінде 96 қызметкер коронавирус жұқтырған. Бұл туралы ұйымның бейбітшілікті қолдау бойынша операциялар департаментінің коммуникациялар бөлімі басшысы Ник Бернбэк мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Фото: news.un.org
Фото: news.un.org: Facebook
"27 мамырдағы жағдай бойынша бітімгерлік операцияларға жұмылдырылған 100 мыңға жуық адамның ішінде COVID-19 инфекциясын жұқтырудың 96 дерегі тіркелді", – дейді Бернбэк.

Атап айтқанда, Кипрдағы миссияның үш қызметкері, Ливандағы БҰҰ уақытша күштерінің бір қызметкері, Палестина-Израиль қақтығысы аймағындағы – бір, Орталық Африка республикасында – бес, Оңтүстік Суданда – үш, Конгода – 13 және Малида – 70 қызметкерден коронавирус анықталған.

Олардың ішінде 48 адам COVID-19-дан жазылып шыққан. Вирустан көз жұмғандар жоқ.

Коммуникациялар бөлімінің бастығы атап өткендей, БҰҰ бітімгерлік миссиясы тікелей міндеттерінен бөлек, үкіметтер мен ұйымдарға COVID-19 инфекциясымен күресуде қолдау көрсетіп жатыр.

"Біздің бітімгерлер Оңтүстік Суданнан Орталық Африка республикасына дейін, Ливаннан Косовоға дейін ағартушылық қызметпен айналысуда. Қорғаныс құралдары мен қажетті құрал-жабдықтар таратуда, қол жууға арналған стансалар салып, ауруханаларды жөндеп, балаларды оқытуда", – дейді Ник Бернбэк.

Айта кетейік, соңғы деректерге сәйкес, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 10 мыңға жуықтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858019-birikken-lttar-jymyny-zzge-zuyk-bitimgeri-koronavirus-zktyrgan/

pixel