RU

Алматыда 30 мамырдан бастап мешіттер мен шіркеулер қайта ашылады

30 мамырдан бастап Алматыдағы діни нысандар қайта ашылады. Олардың қызметінің жандануы оңтүстік астананың бас дәрігері Жандарбек Бекшиннің жарлығына сәйкес жүзеге асады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің сайтына сілтеме жасап.

Алматыда 30 мамырдан бастап мешіттер мен шіркеулер ашылады
Фото: NUR.KZ: Original

Қаладағы діни нысандардың қызметіне қойылған шектеулерді алып тастау тәртібі туралы Жандарбек Бекшиннің 28 мамыр күнгі қаулысы департаменттің ресми интернет-ресурсында жарияланды.

Қаулыда мешіттер мен ғибадатханалар қызметін қайта жандандыру қатаң санитарлық-дезинфекциялау режимінің талаптарына сәйкес жүргізілу керек екені айтылған.

Мешіттерде ұжымдық дұғалар біраз уақыт өткізілмейтіні баса айтылды. Намаз тек жеке-жеке 1,5 метр қашықтықты сақтай отырып оқылады.

Сондай-ақ, діни қызметкерлер бетперде мен қолғап киюге міндетті.

Сонымен қатар, мешітте өткізілетін уақыт шектеулі (15-тен 20 минутқа дейін). Сондай-ақ, діни рәсімге қатысушылардың саны 30 адамнан аспау керек.

Жалпы алғанда, карантин кезіндегі діни нысандардың қызметі туралы нұсқаулық 23 тармақтан тұрады.

Айта кетейік, соңғы мәліметтерге сәйкес Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар 10 мыңға жуықтаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1858028-almatyda-30-mamyrdan-bastap-mesitter-men-sirkeuler-asylady.html