Выйти
RU

Ақтөбеде алаяқ өзге біреудің депозитінен қомақты қаржы жымқырған

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақтөбе қаласында алаяқ тұрғынның жеке деректері мен банк депозитінің нөмірін біліп алып, алдап кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тағы бір алаяқ

Көрнекі фото: pixabay.com

25 мамыр күні Ақтөбе қаласы Прохоров көшесіндегі букмекер кеңсесінің жанында белгісіз адам ақша айырбастау сылтауымен 1958 жылы туған ақтөбелікке тиесілі 10 мың теңге көлемінде ақшаны иемденген.

Алаяқтықтың тағы бір фактісі 26 мамыр күні орын алған. Белгісіз біреу “OLX” интернет қосымшасы арқылы диванды сатып алу сылтауымен 1963 жылғы ақтөбелік тұрғынның жеке деректері мен банк депозиті нөмірін біліп алған.

Жеке мәліметтерді алған соң арам пиғылды азамат депозиттен 960 мың теңге көлемінде ақшаны иемденген.

Алаяқтық фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабына (алаяқтық) сәйкес, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ақтөбе облысы полиция департаменті ақтөбеліктерге алаяқтардың арбауына түспеуді ескертеді.

Бөгде адамдарға жеке мәліметтеріңізді айтпауыңызды, бейтаныс адамдарға сенім білдірмеуді сұрайды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін БҚО тұрғыны атыраулықтарды интернет арқылы 15 мәрте алдаған.

Облыстық полиция департаментінің бастығы Хамза Үмбетқалиевтің айтуынша, алаяқтардың қатысуымен 1215 қылмыс тіркелген. Соның ішінде интернет желісімен 452 қылмыс жасалған.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ақтөбеде алаяқ өзге біреудің депозитінен қомақты қаржы жымқырған