Выйти
RU

Қазақстанда 1 маусымнан бастап блок-бекеттер алынады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

1 маусымнан бастап Қазақстан облыстары арасындағы блок-бекеттер алынады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымды даму министрлігі Көлік комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Тайжанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Қазақстанда 1 маусымнан бастап аймақтар арасындағы блок-бекеттер алынады

Фото: NUR.KZ: UGC

Жәнібек Тайжанов ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес, 1 маусымнан бастап қалалар арасындағы жол кедергілері алынып тасталатынын айтты. Ал 5 маусымнан бастап тасымалды қалпына келтіру жұмыстары басталады.

Оның айтуынша, бас санитар дәрігер қаулысының талаптарын ескере отырып, тасымалдаушылар жұмысының алгоритмі жасалды. Құжатқа сәйкес, автобустар маршруттың соңғы нүктелерінде дезинфекцияланады, жолаушылар салонға тек бетпердемен кіреді.

Сонымен қатар, ол жолаушылар пойыздарының қатынасы 2020 жылдың 1 маусымынан бастап кезең-кезеңімен, халықтың сұранысын ескере отырып және аймақтардағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты жүзеге асырылатынын айтты.

Тағы да оқыңыздар

Аша Матай фильмографиясы: Актриса қандай фильмдерге түсті?

Атап айтқанда, алғашқы кезеңде 54 пойыз қатынай бастайды.

Соның ішінде Нұр-Сұлтан бағытында – Алматы, Маңғыстау, Өскемен, Сарыағаш, Семей, Арқалық, Павлодар, Петропавл / Қызыл ту, Орал, Жезқазған, Қызылорда;

Алматы – Шымкент, Павлодар, Ақтөбе, Маңғыстау, Сарыағаш, Өскемен, Жезқазған, Орал, Петропавл, Қостанай;

Қызылорда – Семей, Көкшетау, Петропавл;

Қостанай – Қарағанды, Арқалық;

Қарағанды ​​– Жезқазған;

Қызылорда – Көкшетау, Петропавл, Маңғыстау – Ақтөбе және қала маңындағы елді мекендер.

Екінші кезеңде, 10 маусымнан бастап 39 жұп пойыз, оның ішінде Нұр-Сұлтан – Алматы, Атырау, Достық, Орал, Айсары, Шымкент; Алматы – Атырау, Ақтөбе, Орал, Өскемен, Түркістан, Петропавл; Атырау – Маңғыстау, Ақтөбе, Құлсары, Карабатано және қала маңындағы елді мекендер бағыттарында жүру жоспарлануда.

Тағы да оқыңыздар

Дауысымен талайды тамсандырған Жанар Дұғалованың актрисалық қыры жайлы не білеміз?

Үшінші кезеңде өңірлердегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғаннан кейін, сонымен қатар көрші мемлекеттермен келіскеннен кейін, 15 жұп пойыздардың, соның ішінде Алматы – Ташкент, Саратов, Үрімші, Новосибирск, Қазан; Нұр-Сұлтан – Челябинск; Қарағанды ​​- Мәскеу, Омск, Томск; Атырау - Астрахань бағыттарында пойыздардың жұмысын қалпына келтіру жоспарлануда.

Еске сала кетсек, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев демалыс күндері бірнеше көше жабылатынын мәлімдеді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда 1 маусымнан бастап блок-бекеттер алынады