Выйти
RU

Алматы облысында 15 жастағы қыз кенеттен қайтыс болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы облысында 2005 жылғы қыз кенеттен көз жұмды. Өкінішке қарай, оқиға орнына келіп жеткен дәрігерлер оған көмектесе алмаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: facebook.com / ilzat.akchurin

Фото: facebook.com / ilzat.akchurin: Facebook

Қайғылы оқиғаны Facebook қолданушысы, журналист Илзат Акчурин өз парақшасында мәлім етті.

"Маған хабарласып, 15 жастағы Әсем Оразованың моншада есінен танып қалғанын айтты. Ол жерде нақты қанша уақыт жатқаны белгісіз. Әзірге ресми ақпарат жоқ", – деп жазды ол.

Көршілердің айтуынша, жедел жәрдем оқиға орнына бірден жеткен. Аурухана қыздың үйіне жақын маңда болған. Алайда, куәгерлердің сөзіне қарағанда, жас дәрігер ештеңе істей алмаған, себебі, ешқандай құрал-жабдық пен дәрі-дәрмек болмапты.

Журналист сөзінше, оқиға болған ауылдағы медициналық мекеме жайында теріс пікірлер көп айтылатын көрінеді. Атап айтқанда, ол жерде дәрігерлердің, құрал-жабдықтардың, дәрі-дәрмек пен қызметтік көліктердің жетіспеушілігі жиі сөз болады.

Тағы да оқыңыздар

Жүктілік жайындағы сіз күтпеген фактілер

"Бұл ата-ана үшін үлкен қасірет. Көңіл айтамын. Мемлекеттік органдардан осы оқиғаны бақылауға алуларын сұраймын", – деп жазды Илзат Акчурин.

Бұл мәселеге қатысты Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы пікір білдірді.

"2005 жылы туған науқас жедел жәрдем көлігі келгенше қайтыс болған. 2020 жылдың 28 мамыры сағат 21:35- те диспетчерлік қызметке қоңырау келіп түсті. Көлік оқиға орнына 21:39-да жетті. Бригада келгенде қызда өмір сүру белгілері болмаған. Осыған байланысты, реанимация және басқа да шаралар жасалмайды. Сонымен қатар, жедел жәрдем қызметкерлері барлық қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген. 2020 жылдың 28 мамырында сағат 21: 43 биологиялық өлім тіркелді. Дене сот-медициналық сараптамаға берілді",- деді басқармада.

Еске сала кетейік, кеше Ақтөбедегі хром қоспалары зауытында химиялық қоспаның буына күйген төрт адамның қайтыс болып, тағы екеуінің ауыр хәлде ауруханаға жеткізілгенін хабарлағанбыз.

Тағы да оқыңыздар

Дауысымен талайды тамсандырған Жанар Дұғалованың актрисалық қыры жайлы не білеміз?

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматы облысында 15 жастағы қыз кенеттен қайтыс болды