Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан қалалары арасында 5 маусымнан бастап автобустар қатынайды

Опубликовано:

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Тайжанов онлайн-брифинг барысында жақын арада Қазақстан қалалары арасындағы автобус қатынасы қайта жанданатынын мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pexels.com
Көрнекі фото: pexels.com: Facebook

Шенеуніктің айтуынша, Қазақстан қалалары арасында автобустар 5 маусымнан бастап жүреді.

Айта кетейік, бұған дейін 1 маусымнан бастап еліміздің қай қалаларына пойыздар қатынайтынын хабарлаған болатынбыз.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, бастапқы кезеңде 54 пойыз іске қосылады.

Ведомство жолаушыларды тасымалдаудың көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің ұсынымдарына сәйкес, сондай-ақ, қатаң санитарлық шараларды сақтай отырып жүзеге асырылатынын атап өтті.

Сондай-ақ, орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифинг барысында Көлік комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Тайжанов 1 маусымнан бастап Қазақстан облыстары арасындағы блок-бекеттер алынатынын мәлім етті.

Оның айтуынша, бас санитар дәрігер қаулысының талаптарын ескере отырып, тасымалдаушылар жұмысының алгоритмі жасалды. Құжатқа сәйкес, автобустар маршруттың соңғы нүктелерінде дезинфекцияланады, жолаушылар салонға тек бетпердемен кіреді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858068-kazakstan-kalalary-arasynda-5-mausymnan-bastap-avtobustar-katynajdy/

pixel