RU

Алматыда қойма өртенді: тілсіз жаумен күресуге авиация тартылмақ (фото, видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгін, 29 мамырда оңтүстік астанада аумағы 1000 шаршы метрлік қойма өртенді. Болжам бойынша, ол жерде мототехника сақталған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы ТЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға орнынан фото: Алматы ТЖД

Оқиға орнынан фото: Алматы ТЖД: UGC

Өрт сөндірушілер оқиға орнына шамамен 15:00-де келіп жеткен. Өртке оранған ғимараттың аумағы – 1000 шаршы метр, оның 600 шаршы метрін жалын шарпыған.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға Түрксіб ауданында болған. Қазір өрт сөндіру қызметі тілсіз жаумен күресуде.

Болжам бойынша, өрт макулатура сақталған бөлімнен шыққан.

Оқиға орнынан фото: Алматы ТЖД

Оқиға орнынан фото: Алматы ТЖД: UGC

ТЖД ақпары бойынша, қазір оқиға орнында 60 өрт сөндіруші мен 15 техника бірлігі жұмылдырылған.

Қызметкерлер жалынның көршілес жатқан ғимараттарға таралмауын қадағалауда.

"Авиация тартуға дайындалып жатырмыз. Жағдай бақылауға алынды", – дейді департамент өкілдері.

Тағы да оқыңыздар

Жүктілік жайындағы сіз күтпеген фактілер

Еске сала кетейік, жақында оңтүстік астананың Әуезов ауданында орналасқан кәсіпорындардың бірінде өрт шығып, жарылыс болғанын хабарлаған едік.

Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметінше, Мұстай Кәрім, 1 б/3 мекенжайында өрт болып жатқаны туралы хабар келіп түскен.

Алдын ала мәліметке сәйкес, жиһаз құрастыратын цехта өрт шыққан. Соның салдарынан жарылыс болды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда қойма өртенді: тілсіз жаумен күресуге авиация тартылмақ (фото, видео)