Выйти
RU

Ақтөбеде зауытта буға күйген інісінің өліміне туған ағасын кінәлап жатыр (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде қайғыдан қан жұтып, қара жамылған Бисембиндер отбасы жығылғанға жұдырықтың күйін кешіп отыр. Ағайынды екі жігіттің бірі зауытта шыққан буға күйіп қаза болса, екіншісі бірнеше адамның өліміне кінәлі деген күдікпен қамауға алынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Марқұм болған бауырын жоқтап, есі кеткен туыстары қамауда отырған ағаларының жазықсыз екеніне сенімді. Төтенше жағдайға қатысы жоқ қызметі төмен маманды кінәлі қылып жатқанын айтқан олар жоғары лауазымды басшылардың жауапқа тартылуын сұрайды.

"Бұл не? Әділдік жоқ па? Зауыт басшылары оқиға орнында болмаған адамды кінәлі қылып отыр. Мүмкін емес жағдай. Бөшкеге адамдар кірген кезде буды Тұрар Бисембиннің бұйрығымен жіберілген дегенді айтып жатыр. Қазір оны қамап тастады.

Оқиға болған кезде ол мүлде басқа жерде болған. Қамауға алынған бауырымыз "Ол жерде болмадым, білсем өзім де көмекке жүгірер едім" деп жылап, еңіреп отыр.

Фото: Бисембиндер әулетінің жеке мұрағаты

Фото: Бисембиндер әулетінің жеке мұрағаты

Негізінен бес ағайындымыз. Арамызда екі ұл бар. Кеше біреуінен айрылып қалдық, екіншісін қамап тастады. Ең болмағанда қолхатпен жіберсе екен. Бауырын соңғы сапарға шығарып салуға мүмкіндік бермей отыр. Туғандарымыздан бас көтерер ер адам қалмады. Тағы бір айтарым, интернеттен зауыт тарапынан көмектің көрсетілгенін айтып жатыр. Қазір түскі мезгіл болды. Біз ешқандай көмек алған жоқпыз", -дейді марқұмның апасы Жұмагүл Бисембина.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

49 жастағы Орынбасар Бисембин - АХҚЗ зауытында 24 жыл еңбек еткен. №4 цехтың шебері кеше буға күйіп, қаза болған төрт жұмысшының бірі. Марқұмның артында 11 жастағы ұлы мен 9 жасар қызы қалды.

Фото: Бисембиндер әулетінің жеке мұрағаты

Фото: Бисембиндер әулетінің жеке мұрағаты

Осыған дейін зауыттағы бөшкені тазалауға кірген алты жұмысшының төртеуі қаза болып, екеуі жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлаған болатынбыз. Төтенше жағдайға кінәлі ретінде бір қызметкер қамауға алынған. Қаза болған шеберден лауазымы төмен жұмысшының не себепті жауапқа тартылып жатқаны түсініксіз.

Зауыт басшыларының өзі оқиға хроникасын жасай алмай отырғанын алға тартты.

"Жұмысшылардың барлығы қауіпсіздік киімдерімен қамтамасыз етілген. Химиялық зауыт болғандықтан, жұмысшылар противогазбен жүреді. Қауіпсіздік инструкциясында бәрі көрсетілген. Мұндай жағдай 60 жылдық тарихы бар зауытта бірінші рет орын алып тұр. Оның үстіне қаза болған жұмысшылар тәжірибесіз емес.
Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Әрқайсысының 10-15 жылдан аса еңбек өтілі бар. Оқиғаның қалай болғанын болжаудың өзі мүмкін емес. Мән-жайға жауапты бригада басшысының өзі қаза болды. Жасалынған жұмыстардың барлығы жоспарлы түрде тұрақты өткізіледі. Бірінші рет тазартылған жер емес",-дейді АХҚЗ өндіріс бөлімінің басшысы Александр Осыка.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Қазір 2432 жұмысшысы бар зауыттың жұмысы жартылай тоқтап тұр. Төтенше жағдай тіркелген аумақ қоршауға алынып, зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Зауыт тарапынан қаза болғандардың жерлеу рәсіміне 500 мың теңгеден берілетіні айтылды. Сақтандыру компаниясынан қаза болғандардың отбасына 1000 АЕК көлемінде, яғни 2 млн 778 мың теңге төленеді және балалары кәмелеттік жасқа толғанша қосымша жәрдемақы берілетін болады.

Ал ауруханада хәл үстінде жатқан жұмысшылардың жағдайы әлі де ауыр.

"28 мамыр күні түс ауа жарақат алған зауыттың екі жұмысшысы жеткізілді. Жансақтау бөлімінде жатқан науқастардың жағдайы ауыр. Екеуі де есеңгіреген жағдайда түсті. Бірінің денесі 35 пайызға, екіншісінде 65 пайызға денесін күйік шалған. Ақыл-естері дұрыс, ем қабылдап жатыр. Олардың сөзіне қарағанда, бөшкені тазартып жатқанда ыстық бу шыққан. Әзірге науқастарды қозғауға болмайды. Денелерінің барлық жері күйген",- дейді емдеуші дәрігер Нұрлан Әбішев.

Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекеновтың айтуынша, зардап шегушілердің отбасына жергілікті әкімдік тарапынан да көмек көрсетілетін болады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ақтөбеде зауытта буға күйген інісінің өліміне туған ағасын кінәлап жатыр (фото)