Выйти
RU

Өз үйінің өртенгенін көрген ШҚО тұрғыны қайтыс болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ушанов ауылында жеке тұрғын үй құрылысы мен тұрмыстық ғимарат өрттенді. Оқиға салдарынан бір әйел қайтыс болды деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: ШҚО ТЖД

Фото: ШҚО ТЖД

Ведомство мәліметінше, өрт туралы хабарлама 28 мамырда түскен. Өрт сөндірушілер тез арада көрсетілген мекен-жайға бағыт алыпты.

Фото: ШҚО ТЖД

Фото: ШҚО ТЖД

Онда тұрғын үй құрылысы отқа оранған. Сондай-ақ, жалын тұрғын үйдің жанында орналасқан ғимараттарға да тарапты.

Фото: ШҚО ТЖД

Фото: ШҚО ТЖД

Өрт кезінде Өскемен қаласының 23 қызметкері тілсіз жауды ауыздықтауға атсалысқан. Арнайы мамандар оқиға орнына келгенге дейін ауыл әкімі көршілермен бірге 73 жастағы әйелді қызыл жалынған оранған үйден шығарып алған.

Ол өзін жайсыз сезінген. Кейін дәрігерлер оның қайтыс болғанын анықтады. Мұның себебі жүрек талмасы болуы мүмкін.

Куәгерлер өрттің қоқыс үйіндісінен шығуы мүмкін екенін жасырмады. Алайда қызыл жалынның нақты себебі айтылған жоқ. Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, жақында оңтүстік астананың Әуезов ауданында орналасқан кәсіпорындардың бірінде өрт шығып, жарылыс болғанын хабарлаған едік.

Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметінше, Мұстай Кәрім, 1 б/3 мекенжайында өрт болып жатқаны туралы хабар келіп түскен.

Алдын ала мәліметке сәйкес, жиһаз құрастыратын цехта өрт шыққан. Соның салдарынан жарылыс болды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Өз үйінің өртенгенін көрген ШҚО тұрғыны қайтыс болды