Выйти
RU

191 млн еуроның қылмысы бойынша күдікті қазақстандық Барселонада ұсталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Испанияның полиция қызметкерлері Барселонада Қазақстан азаматын қолға түсірді. Ер адам 191 млн еуроға қылмыс жасады деп күдіктелуде: оған халықаралық іздеу жарияланған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Испания ұлттық полициясының ресми сайтына сілтеме жасап.

191 млн еуроның қылмысы бойынша күдікті қазақстандық Барселонада ұсталды

Көрнекі фото: Daniel Perez Garcia-Santos/Getty Images

Полицияның мәліметінше, қазақстандық күдіктеліп отырған қылмыстар бірнеше жыл бұрын жасалған.

Болжам бойынша, ер адам мемлекетті 191 млн еуроға алдап кеткен ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі болған. Полицияның ақпарынша, 2014-2018 жылдары ол Қазақстанда екі компания ашып, заңсыз құмар ойындармен айналысқан.

Нәтижесінде аталған компаниялар заңсыз жолмен 191 млн еуро тапқан. Құқық қорғау органының хабарламасында көрсетілгендей, олар қарыздар рәсімдеп, салықтан жалтарған, басқа да материалдық пайда тауып отырған.

Еске сала кетейік, бұған дейін бес жыл іздеуде жүрген құрылыс компаниясының басшысы сотталғанын хабарлаған едік.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің онлайн-брифингінде миллиардтаған қаржыны жымқырды деген күдікке ілініп, 5 жыл халықаралық іздеуде болған қазақстандық ЖШС директорына қатысты үкім шыққаны айтылды.

Тергеуші Данияр Биғайдаров сотталған кәсіпкердің 2017 жылы бас бостандығынан айырылған бұрынғы білім вице-министрі Саят Шаяхметовтың ісіне қатысы бар екенін жеткізді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
191 млн еуроның қылмысы бойынша күдікті қазақстандық Барселонада ұсталды