Выйти
RU

Блокпостар алынады: Еліміздің тұрғындары қалыпты өмірге қайтып келе ме

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 1 маусымнан бастап Қазақстан қалалары арасындағы блокпостардың алынуы ел тұрғындарының қалыпты өмірге қайтып келетінін білдіре ме деген сұраққа жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Бұл туралы министр денсаулық сақтау министрлігінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында айтты.

Оның айтуынша, қазіргі басты мақсат – елді қалыпты экономикалық белсенді өмірге қайтару.

"Сонымен бірге азаматтарды осы эпидемиядан қорғауымыз керек. Әйтсе де эпидемияға қарсы шаралар, соның ішінде шектеу шаралары күшінде қалады. Карантиннің бірнеше кезеңі бар. Ел ішіндегі қозғалысты шектеуді алып тастау – аймақтар бойынша коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайы реттеліп, теңесіп қалғанын білдіреді. Яғни адамдарды ары қарай қозғалыстан шектеудің қажеті жоқ. Әйтсе де ең бірінші кезекте жұмыста, қоғамдық орындар мен көліктерде эпидемияға қарсы шараларды сақтау ережелерінің талабы күшінде болады. Оны сақтанудың маңызы зор", - деді Біртанов.

Министр қоғамда карантин шараларын сақтамайтын адамдардың бар екенін жасырмады.

"Маскасыз жүргендер қаншама. Сауда орындарында да талаптарды орындамай жүргендер көп. Бұндай жағдайда өте қатаң шараларды іске асыруға мәжбүр боламыз. Ең бастысы – инфекцияның таралуы қаупі азайғаннан кейін карантин тәртібі жеңілдетіліп келе жатқанын түсінуі керек. Алайда инфекция ешқайда құрып кеткен жоқ", - деді ол.

Еске сала кетсек, 1 маусымнан бастап Қазақстан облыстары арасындағы блок-бекеттер алынады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымды даму министрлігі Көлік комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Тайжанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлімдеді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Блокпостар алынады: Еліміздің тұрғындары қалыпты өмірге қайтып келе ме