RU

Қазақстанда коронавирустан жазылғандар саны 5 мыңнан асты

Нұр-Сұлтан қаласында 111 адам коронавирус дертінен емделіп шықты. Осылайша, елде аурудан жазылғандар саны 5011-ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram
Соңғы деректерге сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласында - 17 адам, Алматы қаласында - 45, Шымкент қаласында - 4, Атырау облысында - 15, Қарағанды облысында - 4, Ақтөбе облысында - 3, Қостанай облысында - 2, Шығыс Қазақстан облысында - 2, Батыс Қазақстан облысында - 12, Маңғыстау облысында - 7 адам қауіпті дертті жеңіп, медициналық мекемеден шықты.

Қазақстан бойынша жазылғандар:

Нұр-Сұлтан қаласы – 1046

Алматы қаласы – 1420

Шымкент қаласы – 248

Ақмола облысы – 106

Ақтөбе облысы – 179

Алматы облысы – 180

Атырау облысы – 294

Шығыс Қазақстан облысы – 54

Жамбыл облысы – 180

Батыс Қазақстан облысы – 281

Қарағанды облысы – 221

Қостанай облысы – 64

Қызылорда облысы – 233

Маңғыстау облысы – 123

Павлодар облысы – 148

Солтүстік Қазақстан облысы – 35

Түркістан облысы – 199

Айта кетейік, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев онлайн-брифинг барысында жағдай қиындай түссе, қатаң карантин шаралары қайта қабылданатынын мәлімдеді.

"Егер жағдай қиындай түссе, жеңілдетілген карантин тәртібі алынады, қайтадан қатаң шараларға ораламыз. Өйткені эпидемиологиялық жағдайдың күн сайын нашарлауына жол бере алмаймыз. Бұл әрқайсымызға артылған жауапкершілік, карантин режимін сақтау қажет. Екі ай бойы ТЖ талаптарын орындап, үйде отырған халыққа алғыс айтамын. Бізге Қытайдан келген дәрігерлер Қарағанды және Нұр-Сұлтанмен салыстырғанда, Алматы көшелерінде адам жоқ екенін айтты", – деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1858122-kazakstanda-koronavirustan-zazylgandar-sany-5-mynan-asty.html