Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада КамАз бен автобус соқтығысты: 13 адам ауруханаға жеткізілді

Опубликовано:

Нұр-Сұлтанда КамАЗ жүк көлігі жолаушылар автобусын соқты. Соның салдарынан оннан астам жолаушы зардап шектті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: Нұр-Сұлтан қалалық ПД
Фото: Нұр-Сұлтан қалалық ПД: UGC

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, 29 мамырда сағат 17-49-да КамАЗ жүк көлігін басқарып келе жатқан 1994 жылғы жүргізуші Ақжол көшесінің бойында рульге ие бола алмай қалған.

Соның салдарынан жүк көлігі жолдың қарсы бетінен шығып кетіп, МАН маркалы автобуспен соқтығысқаны белгілі болды.

Фото: Нұр-Сұлтан қалалық ПД
Фото: Нұр-Сұлтан қалалық ПД: UGC

Жол апаты салдарынан қоғамдық көліктің 13 жолаушысы зардап шегіп, медицина мекемелеріне жеткізілген.

Қазіргі кезде екі жолаушының сүйегі сынғаны анықталса, қалғандары түрлі деңгейде жарақат алғандығы анықталды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858125-elordada-kamaz-ben-avtobus-soktygysty-13-adam-auruhanaga-zetkizildi/

pixel