Выйти
RU

Біртанов дәрігерлердің жалақысы қаншаға өсетінін айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов әлем елдерінің стандарттарына жақындау үшін дәрігердің орташа жалақысы 550 мың теңге болуы тиіс екенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ: Original

Бұл туралы министр Хабар24 телеарнасындағы онлайн брифинг барысында айтты.

Біртановтың сөзінше, медицина қызметкерлерінің айлығын арттыру жұмысы былтыр басталған. Ол уақытта дәрігерлердің жалақысы 30 пайызға артты. 

Сонымен қатар қаңтар айынан бастап республикалық бюджеттен және медициналық сақтандыру қорынан еңбекақы төлеу қорын 30 пайызға арттыру үшін қосымша қаржы бөлінген. 

"Біз есеп-қисап жүргіздік. Бізге әр жыл сайын еңбекақы төлеу қорын 30%-ке арттыру қажет болады. Сол кезде қалаған деңгейге жетеміз, әлем елдерінің стандарттарына жақындау үшін дәрігердің орташа жалақысы 550 мың теңге болуы тиіс. Әйтпесе, біз кадрларымызды жоғалта береміз", - деді Біртанов.

Еске сала кетсек, 1 маусымнан бастап Қазақстан облыстары арасындағы блок-бекеттер алынады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымды даму министрлігі Көлік комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Тайжанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлімдеді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Біртанов дәрігерлердің жалақысы қаншаға өсетінін айтты