2020 жылғы 13 шілде – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Выйти
RU

"Адам төзгісіз жағдайда": Алматыда жедел жәрдем жүргізушілері наразылық білдірді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыда жедел жәрдем жүргізушілері адам төзгісіз жағдайда жұмыс істеп жүргендерін айтып наразылық білдірді. Қосалқы станцияда қызмет ететіндер бас кеңсенің бар былығын жайып салғаны үшін жаппай қудалауға ұшыраған көрінеді. Олар уәде етілген үстеме ақыныны басшылықтың толық төлемегенін жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Телеарна мәліметінше, оңтүстік астананың жедел жәрдем жүргізушілері жанына батқан жағдайды айту үшін жиналған.

Олар "басшылық ауысқалы жалақы дұрыс есептелінбей, жұмыс уақыты еселенді" дейді.

Сонымен қатар наразы топ уәде етілген үстемақыны да толық алмағанын жасырмады.

"Бұрын аптасына 8 тәулік істесек, жалақы дұрыс берілетін. Қазір 8 тәулік істесек, "жіберілмейді" дейді. Науқстардың, фельдшерлердің өмірі жүргізушінің қолында. Неге қысқартып жатыр? Берген үстемақылары әр түрлі. Оны ешкім бізге түсіндіріп бермейді. Сонда жүргізушілердің еңбегі далаға кетейін деп тұр. Әрқайсысының бала-шағасы, несиесі бар", - деді жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі Мұрат Малаев.

Олар медициналық көмекке шұғыл жету жүргізушілерге мұңға айналғанын жеткізді.

Наразы топтың пікірінше, арнайы көліктер жетіспейді, әрі әбден тозған. Одан бөлек, қайта-қайта бұзылып, жиналғандардың қалтасына салмақ түсіретін көрінеді. 

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

"Көліктердің жалпы жағдайы жалынышты. Соның бәрін ақырындап айдап жүрміз. Ол бұзылған жағдайда, тұрып қаламыз. Тұрып қалсақ, уақытын төлемейді. Заң бойынша бөлшекті сатып алып беру керек. Бірақ біз екі-үш ай жатпау үшін өзіміз ақша жинап, сатып аламыз", - деді жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі Абылай Мұқан.

Осы мәселеге байланысты Алматы қаласы жедел жәрдем қызметі директорының міндетін атқарушы Азамат Ықсанұлы пікір білдірді.

"34 пайыз жедел жәрдем бригадасы ескірген. Бірақ біз жыл сайын жаңартып жатырмыз. Көлік сайманын ешкім сатып алмайды. 2019 жылға дейінгі жағдайға жауап бермеймін. Ал одан кейін бәрі дұрыс. Сатып алыңдар деп кім айтты сендерге?! Жалған ақпараттың қажеті жоқ", - деді ол.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Еске сала кетсек, кеше денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов еліміздегі дәрігерлердің жалақысы қалай өсетінін айтты.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Адам төзгісіз жағдайда": Алматыда жедел жәрдем жүргізушілері наразылық білдірді