Выйти
RU

"Үш адам көз жұмды": Атырау облысында жедел жәрдем көлігі мен КамАЗ соқтығысты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Атырау-Астрахан тас жолының 185-шақырымында КамАЗ әскери көлігі мен жедел жәрдем көлігі соқтығысқан. Соның салдарынан жедел жәрдем көлігінің ішіндегі адамдардың барлығы - жүргізуші мен екі медицина қызметкері көз жұмды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі жантүршігерлік жол апаты Исатай ауданы Зинедин ауылы маңында болғанын мәлім етті. Құрылысы былтыр басталған Астраханға баратын тасжолда жедел жәрдем әскери "КамАЗ"-бен соқтығысқан.

Исатай ауданының дәрігерлік амбулаториясына тиесілі жедел жәрдем көлігінде жүргізуші мен екі медицина қызметкері болғаны анықталды.

Ақ жайық газетінің мәліметінше, 42 жастағы медбике оқиға орнында көз жұмды, ал екінші қызметкер мен жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болған.

Ішкі істер министрлігінің батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы таратқан ақпаратқа сәйкес, жүк көлігінің рөлінде Маңғыстау облысынан шақырылған шекарашы - 20 жастағы шұғыл қызмет сарбазы болған.

Тергеудің негізгі нұсқасы бойынша, ол көлік рөліне ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Үш адам көз жұмды": Атырау облысында жедел жәрдем көлігі мен КамАЗ соқтығысты