Выйти
RU

"Баламды соққыға жықты": БҚО тұрғыны мектеп директорын айыптады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының тұрғыны мектеп директорын айыптап отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Фото: vk.co/tvkhabar24

Фото: vk.co/tvkhabar24

Оқушының туыстары, "Бұндай жат әрекетке барған адам ұстаздыққа лайық емес, сондықтан мектептен қуылуы керек", дейді.

Олардың сөзінше, бұл оқиға өткен жылдың қараша айында орын алған. Сабақтан шыққан 11-сынып оқушысын мектеп директоры өз кабинетінде соққыға жыққан көрінеді.

Білім орда басшының бұндай әрекетке не себепті барғаны белгісіз.

"Кім кінәлі, кімдер тергеуге кедергі жасады, сол кісілер тиісті жазасын алса дейміз және баланың құқығы заңды түрде қорғалса деген біздің ойымыз бар. Енді мен ойлаймын, бала жаман болып шыққан күннің өзінде де оны ұруға директордың құқығы жоқ шығар деп", - деді жәбірленушінің ағасы Алмас Жұмагелдиев.

Телеарна таратқан ақпаратқа сәйкес, осыған байланысты облыстық полиция департаментінде қылмыстық кодекстің 140 бабы бойынша іс қозғалған.

Енді мұғалім лауазымды атқару құқығынан үш жылға дейін айрылуы мүмкін. Сонымен қатар 160 айлық есептiк көрсеткiш көлемінде айыппұл салынуы тиіс. Ал облыстық білім басқармасы бұл істің нүктесін сот қоятынын жеткізді.

"Сырым аудандық білім беру бөлімінің мәлімдемесі бойынша Ақбасов директорлық лауазымнан шеттетіліп, сол мектепте басқа қызметте жұмыс істеп жатыр", - деді облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы Нұргүз Қаресова.

Автор: Е. Карин

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Баламды соққыға жықты": БҚО тұрғыны мектеп директорын айыптады