Выйти
RU

Қазақстанның бірқатар облыстарында күн 41 градусқа дейін ысиды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Синоптиктер ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы "Қазгидромет" РМК-ке сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Мамандардың айтуынша, еліміздің бірқатар аймақтарында ертең күн ысиды.

Атап айтқанда, күндіз 31 мамырда Түркістан облысында шығыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетуі ықтимал. 40 градусқа дейінгі қатты ыстық күтіледі.

31 мамыр күні түнде Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай күтіледі.

Солтүстік батыстан жел соғып, күндіз оның екпіні 15-20 м/с артады.

31 мамырда күндіз Ақмола облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел тұрып, жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с артуы мүмкін.

31 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында күндіз оңтүстіктен және оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-18 м/с жетуі ықтимал.

31 мамыр - 2 маусым аралығында Қостанай облысының жекелеген жерлерінде күн 35-38 градусқа дейін ысиды.

31 мамырда күндіз Қызылорда облысында 41 градус қатты ыстық болады.

Солтүстік- шығыстан соғатын желдің екпіні - 15-20 м/с.

31 мамыр - 2 маусым аралығында Қарағанды облысының кей жерлерінде 35-39 градус қатты ыстық күтіледі.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанның бірқатар облыстарында күн 41 градусқа дейін ысиды