Выйти
RU

"Ұрып-соққан": Қонаққа барған Шымкент тұрғынын ер адам зорлап тастады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Шымкент қаласының тұрғыны зорланғанын айтып, полицияға арыз түсірген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Видеодан кадр

Видеодан кадр: UGC

Оқиға 23 мамырға қараған түні Шымкентте орын алды. Ер азамат 37 жастағы әйелді үйіне қонаққа шақырып, мастықпен ұрып-соғып, зорлаған.

Осы жағдайдан соң жәбірленуші полицияға арыз жазғаны белгілі болды. Сонымен қатар, оның сіңлісі бұл туралы белгілі құқық қорғаушы Дина Тансариге айтып, көмек сұраған.

Ал Шымкентте полиция департаментінің басшысы Ералы Жұмаханбетов болса, зорланған әйелдің ісін өз бақылауына алатынын мәлім етті.

Оның айтуынша, жәбірленушіні 25 мамыр күні таңертеңгі жеке қабылдаған.

"Сол кезде өзіне зорлаған кез келген адам заң алдында тиісті жазасын алатынын айттым. Түптеп келгенде, бұл біздің – ол әйелдің алдындағы, оның отбасы алдындағы, жалпы азаматтар алдындағы борышымыз. Әйелге жасалған зорлық түбі – қатаң жазаға әкеп соғатынын әр адам түсінуі керек. Мысалы, ол біреудің анасы, қызы, апасы, я болмаса құрбысы боп келеді. Әйел зорлаған адам заң алдында тиісті жазасын алады, – деді ол.

Тағы да оқыңыздар

Жүктілік жайындағы сіз күтпеген фактілер

Қазіргі кезде осы қылмысқа қатысты қылмыстық кодекстің 120-бабы 1-бөлігі "Зорлау" бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Күдікті полицияға жеткізілген.

Тергеу барысында оның өз үйінде ішімдік ішіп, жәбірленушіні ұрып-соғып, артынша зорлағаны анықталды.

Еске сала кетсек, осыған дейін Сарыағаш тұрғыны өзін әлдемкімдердің үш жыл бойы секс құлдықта ұстағанын айтқан болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Ұрып-соққан": Қонаққа барған Шымкент тұрғынын ер адам зорлап тастады