2020 жылғы 13 шілде – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Выйти
RU

Алматыда карантин режимі сақтала ма

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев оңтүстік астанада карантин режимі әлі де сақталатынын ескертті деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Қазақпарат таратқан ақпаратқа сәйкес, қазіргі кезде инфекция жұқтырған 1038 адам қаланың жұқпалы аурулар стационарларында ем алып жатыр, оның ішінде 56 бала бар.

Әбілдаев бұрын созылмалы ауруларының болуына байланысты 4 адамның жағдайы өте ауыр екенін жеткізді.

"22 пациент – ауыр, 304 науқастың жай-күйі – ауырлықтың орташа дәрежесінде. Ал қалған емделушілердің жағдайлары қанағаттанарлық. Жалпы, науқастардың басым көпшілігінде ауру симптомсыз өтуде деп айтуға болады", – деді ол.

Ведомство басшысыны сөзінше, провизорлық госпитальдарда – 177 адам, карантиндік оқшаулауда – 139 адам және үй карантинінде 14339 азамат бар.

Жалпы, мегаполисте пандемия басталғаннан бері 1451 азамат сауығып шақты. Бұл қалада тіркелген, вирус жұқтырған адамдардың жалпы санының 59 пайызын құрайды.

"Қалада карантин сақталуда. Мен тұрғындарды барлық карантиндік шараларды, әлеуметтік қашықтық пен бетперде тағу режимін сақтауға шақырамын", - деп қорытындылады Әбілдаев.

Еске сала кетсек, соңғы дерек бойынша, елімізде коронавирус инфекциясы 10382 адамнан анықталды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда карантин режимі сақтала ма