Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

1 маусымға қараған түні Алматы маңындағы барлық блок-бекеттер алынады

Опубликовано:

1 маусымға қараған түні Алматы қаласының периметрі бойынша орналасқан барлық тосқауылдар алынып тасталады. Бұл туралы оңтүстік астананың әкімі өзінің Instagram-дағы ресми парақшасында мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

1 маусымға қараған түні Алматы маңындағы барлық блок-бекеттер алынады
Фото: NUR.KZ: Original
"ТЖ режимі кезінде бұл бекеттер қаладан шығу және қалаға кіруді шектеді. Бұл — коронавирустың таралуын тоқтату үшін қажет болды. Барлық полиция, санитарлық қызмет, фито- және ветбақылау қызметкерлеріне, аудандық әкімдіктер мен Ұлттық гвардия, Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілеріне алғысымды білдіремін. Осы 2,5 айдың ішінде Сіздер тәулік бойы қызмет етіп, жүктелген міндетті абыроймен атқардыңыздар", – деп жазды Бақытжан Сағынтаев.

Қозғалыстағы шектеулерді алып тастау елдегі және қаладағы жағдайды тұрақтандырудың арқасында мүмкін болды. Сонымен қатар, барлық кәсіпорындар мен ұйымдар күшейтілген санитарлық қауіпсіздік шаралары жағдайында жұмыс істейді. Үйлерге, аула алаңдары мен көшелерді залалсыздандыру жүргізілуде.

"Белгіленген тәртіпке бағынып, сангигиена мен әлеуметтік қашықтықты сақтап, қорғаныс бетперделерін киіп жүруге шақырамын. Бұл қазіргі өмірдің қалыпты нормасына айналуы тиіс. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!", – деп әкім қала тұрғындарына үндеу жасады.

Еске сала кетсек, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев оңтүстік астанада карантин режимі әлі де сақталатынын ескерткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858208-1-mausymga-karagan-tni-almaty-mayndagy-barlyk-blok-beketter-alynady/

pixel