Выйти
RU

Тарихта алғаш рет жекеменшік компания ғарышқа адам ұшырды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

SpaceX компаниясы екі NASA астронавтын ғарышқа сәтті аттандырды. Бір қызығы, мұны алғаш рет жеке компания жасады деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы РБК-ға сілтеме жасап.

Тарихта алғаш рет жекеменшік компания ғарышқа адам ұшырды

Фото: Getty Images/Orlando Sentinel / Contributor

Falcon 9 зымыранын Crew Dragon кемесі Флоридадағы ғарыш айлағынан көкке ұшырылды. Ғарыш кемесі америкалық қос астронавтты Халықаралық Ғарыш Станциясына жеткізбек. Боб Бенкен мен Даг Херли тарихи сәтке тыңғылықты дайындалған.

2011 жылдан бері Америка Құрама Штаттарының астронавттарды ғарышқа өз жерінен аттандырды. 9 жыл бұрын Space Shuttle бағдарламасы жабылып қалған. Сол сәттен бастап америкалық астронавттар Ресейдің "Союз" халықаралық ғарыш станциясына жеткізілді.

SpaceX басшысы Илон Маск бұл оқиға байланысты пікір білдірді. Ол адамзат Crew Dragon жаңа ғарыш кемесімен мақтана алатынын мәлімдеді.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

"Бұл кемені адамдар жасаған, және адамзат бұл жетістігімен мақтана алады",– деді Маск.

SpaceX басшысы өзінің келесі мақсаты туралы да айтты. Оның айтуынша, компанияның алдында ғарышкерлерді қалай қауіпсіз түрде қайтару міндеті тұр. Сонымен қатар рейстерді қайталау маңыздылығы бар.

Еске сала кетсек, бұған дейін АҚШ әскери-әуе күштері құпия миссияға арналған X-37B ғарыш кемесі бар Atlas V үдеткіш зымыранын сәтті ұшырған болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тарихта алғаш рет жекеменшік компания ғарышқа адам ұшырды