RU

Афроамерикалықтың өлімінен кейін АҚШ қалаларын жаппай тәртіпсіздік жайлады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Джордж Флойдтың дөрекі тұтқындау кезіндегі өлімі қоғамда наразылық тудырды. Жағдай ушығып, Миннеаполисте тәртіпсіздіктер қарқын алды, содан кейін АҚШ-тың ондаған қалаларында басталды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Афроамерикалықтың өлімінен кейін АҚШ қалаларын жаппай тәртіпсіздік жайлады

Фото: Lorie Shaull / flickr.com: UGC

Нью-Йорк, Бостон, Вашингтон, Лос-Анджелес, Детройт және Америка Құрама Штаттарының көптеген қаласында полицияның қатыгездігіне қарсы наразылық акциялары өтті.

Сонымен қатар көтерілістер Торонтода (Канада) басталды.

Мұның бәрі афроамерикалық Джордж Флойдты қамауға алудан басталды. Қолға түсіру кезінде полицей ер адамды тізесімен қылқындырған. Оқиға орнынан жарияланған кадрлар америкалықтарды таңғалдырды. Марқұм көмек сұрап, оны тұншықтыруды доғаруын өтінді. Ер адам дем ала алмай жатқанын айтып, шағымданған.

Джордж Флойд қайтыс болды.

Афроамерикалықтың өлімі адамдарды көшеге шығаруға мәжбүрледі. Миннесотадағы тәртіпсіздік бірнеше күннен бері жалғасып жатыр. Наразылық білдірушілерді тарату үшін көзден жас ағызатын газ және резеңке оқтар қолданылып жатыр.

Тағы да оқыңыздар

Кәріс тарихи дорамалары: 2019 жылдың тізімі

30 мамырда Калифорнияда полицейлердің бірі оққа оранып, екіншісі жараланған. Бұл тәртіпсіздіктердің алғашқы құрбаны емес.

Вашингтондағы қақтығыстар тәртіп сақшыларын жиналғандарды тарату үшін көзден жас ағызатын газ қолдануға мәжбүр етті. Наразылық білдірушілер құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне су бөтелкелерін лақтырған.

АҚШ билігі полициямен кез келген қақтығыстар, сондай-ақ оларға жасалған қауіптер ішкі терроризм актісі ретінде қарастырылатынын айтты.

Айта кетейік, тарихта алғаш рет жекеменшік компания ғарышқа адам ұшырды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Афроамерикалықтың өлімінен кейін АҚШ қалаларын жаппай тәртіпсіздік жайлады