Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалымдар: Күн сәулесі коронавирусты 15 минутта өлтіреді

Опубликовано:

Күн сәулесі SARS CoV-2 вирусының бөлшектерін бірнеше минут ішінде жоя алады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Life.ru-ға сілтеме жасап.

Ғалымдар: Күн сәулесі коронавирусты 15 минутта өлтіреді
Фото: NUR.KZ: Original

Күн сәулесі заттардың бетіндегі коронавирусты тиімді түрде жояды деп мәлімдеді АҚШ-тың Ұлттық талдау және биологиялық қауіптерге жауап беру орталығы. Бұл туралы The Journal of Infectious Deseases жазады. Ғалымдар солтүстік ендіктің 40-шы градусына сипаттас климатты модельдегені хабарланған.

Естеріңізге сала кетейік, дәл осы параллельде COVID-19-дан айтарлықтай зардап шеккен елдер мен аймақтардың аумағы орналасқан. Олардың қатарында Қытай, Италия, Испания, АҚШ-тың оңтүстігі және басқалары бар.

SARS-Cov-2 үлгілері бар болат табақтар осы климаттық аймаққа сәйкес келетін жағдайларда орналастырылды. Сонымен қатар, кейбір тақталарда патогендік бөлшектер жасанды түрде жасалынған сілекейде, ал басқаларында - "өсірілген", яғни оларға қолайлы ортада болды.

Зерттеушілер әртүрлі қуаттылықтағы шамдардың әсерінен вирусқа қалай әсер ететінін тексеруге тырысты. Шамамен күн сәулесінде жарықтың қарқындылығымен сілекейдегі коронавирус 7 минуттан аз уақыт ішінде жойылды. Ал ең қолайлы ортада шамдар жұқпалы затты 14 минут ішінде залалсыздандырды. Тіпті әлсіз жарықтың өзі баяу да болсын, SARS-Cov-2-мен күресетіні белігіл болды.

Бұл деректер күн сәулесінің пайдалы қасиеттерінің тізіміне қосылғанын атап өткен жөн - бұл иммунитетті жақсартатын D дәруменінің қайнаркөзі.

Айта кету керек, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 10 858-ге жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858226-galymdar-kn-sulesi-koronavirusty-15-minutta-ltiredi/

pixel