Выйти
RU

"Табиғат аясында демалған": Полиция желіде тараған видеоға пікір білдірді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Желіде Toyota Land Cruiser маркалы жол талғамайтын көлігінің қасында полиция қызметкерлері бірге тұрған видео пайда болды. Көлік видеоға Көк Жайлау аумағында түсірілген. Полиция оқиғаға қатысты түсініктеме берді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Алматы қалалық ДП баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іле Алатауы саябағында демалған полицейлердің видеосына қатысты ПД пікір білдірді (видео)

Видеодағы кадрлар: Алматы ПД

Полиция бұл видео полиция, төтенше жағдайлар бөлімі және Іле Алатау ұлттық саябақ қызметкерлерімен бірге өткізген рейдтік іс-шара кезінде түсіргенін айтты. Рейд 2020 жылдың 30 мамырында болған. Оқиға орнына барған ведомство қызметкерлері демалушылармен жұмыс жасады.

Ұлттық саябақтың инспекторы Алексей Поценко видео түсірді. Ол полиция неліктен Toyota Land Cruiser маркалы көліктің жанында болғанын түсіндірді.

Инспектордың айтуынша, өткен сенбі сағат 11:00-де ол ПД және төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен профилактикалық жұмыстар жүргізу үшін шатқалдар жаққа аттанған. Toyota Land Cruiser өзіне тиесілі екен. Ол патрульдік көлік тауға шыға алмайтынын түсіндірді, өйткені ол жолы жоқ жерлерде жүруге бейімделмеген.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Соған байланысты Алексейдің жекеменшік көлігін пайдалану керек болған.

Инспектор полицияға көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді, оның айтуынша, тәртіп сақшылары заң бұзушыларды анықтауға зор үлесін тигізді.

1 маусымға қараған түні Алматы қаласының периметрі бойынша орналасқан барлық тосқауылдар алынып тасталады. Бұл туралы оңтүстік астананың әкімі өзінің Instagram-дағы ресми парақшасында мәлімдеді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Табиғат аясында демалған": Полиция желіде тараған видеоға пікір білдірді