RU

Ақмола облысындағы 160 мектепте жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Ақмола облысындағы мектептерді жөндеуге 15 миллиард теңге бөлінетін болады. Жалпы, биыл облыс билігі 160 білім беру мекемесін жөндеуден өткізуді жоспарлап отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы "Хабар 24"-ке сілтеме жасап.

Ақмола облысындағы 160 мектепте жөндеу жұмыстары жүргізілмек
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Мұғалімдердің айтуынша, мұндай қаражат 10 жыл ішінде бірінші рет бөлініп тұрған көрінеді. Бес жүзден астам білім беру ұйымдарының ішінде әрбір үшінші нысан жаңартылады.

Егер бұрын жөндеу жұмыстары маусым айында басталған болса, биыл олар бір ай бұрын басталды. Күрделі жөндеу 29 білім беру мекемесінде жүргізілетін болады.

Жалпы, облыста 89 білім беру нысанын ағымдағы жөндеумен қамту жоспарланған. Айтпақшы, олардың қатарына осы жылдың сәуіріндегі дауыл кезінде зардап шеккен мектептер де кірді.

Сонымен қатар, үнемдеуге байланысты конкурстық рәсімдер өткізілгеннен кейін облыстық мәслихат сессиясының шешімі 32 нысанға қосымша 500 млн теңге бөледі, бұл ақша шатыр жабуға жұмсалатын болады.

"Облыстық билік сонымен бірге мектептің материалдық-техникалық базасын жаңартуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, құны 600 миллион теңгені құрайтын 1200 компьютер сатып алынады",– деді облыстық білім басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіпов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1858234-akmola-oblysyndagy-160-mektepte-zndeu-zmystary-zrgiziledi.html