Выйти
RU

Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандар саны қырыққа жетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елімізде коронавирустан тағы 2 өлім жағдайы тіркелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы коронавирусты таратпауға байланысты ведомствоаралық комиссия Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап.

Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандар саны 40-қа жетті

Фото: pixabay.com

Екі қайғылы фактіге байланысты ақпарат пайда болды:

Бірінші өлім Шымкент қаласында тіркелген. Онда 1959 жылы туған науқас қайтыс болған.

Екінші қайғылы жағдай Павлодар облысында тіркелді. Коронавирус жұқтырған науқас 1966 жылы туған болып шықты.

Шымкентте коронавирус індетінен ажал құшқандар саны 8-ге, ал Павлодар облысында 3-ке жетті.

Қазақстанда COVID-19-дан барлығы 40 адам қайтыс болды. Өлімнің көп бөлігі Алматыда тіркелген. Оңтүстік астанада 2020 жылдың 31 мамырында 10 адам COVID-19 құрбанына айналды.

Еске салайық, қазіргі уақытта Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 10 858 жағдайы ресми расталған. Инфекция саны бойынша көшбасшылар – Алматы және Нұр-Сұлтан.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Барлық уақыт ішінде 5 220 науқас коронавирусты еңсеріп, жазылған.

Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы өткізу-бақылау бекеттері 1 маусымға қараған түні алынады.

Атырауда карантин режимі тоқтатылмақ. Облыстың бас санитарлық дәрігерінің бұйрығына сәйкес, қаладағы карантин ағымдағы жылдың 1 маусымында аяқталады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандар саны қырыққа жетті