2020 жылғы 13 шілде – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Выйти
RU

Салмақ тастаған Песков коронавирус кезіндегі әсерімен бөлісті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың жақында коронавируспен ауырып шықты. Ол ауру кезіндегі ерекше әсерімен бөлісті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Салмақ тастаған Песков коронавирус кезіндегі әсерімен бөлісті

Дмитрий Песков. Фото: kremlin.ru

Ол "Мәскеу. Кремль. Путин" бағдарламасының қатысушысы болды. Тележүргізуші Павел Зарубин бағдарламаның анонсын өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады.

Журналист көрсеткен шағын үзіндіде Песков ауру туралы бірнеше сұрақтарға жауап береді. Путиннің баспасөз хатшысы иіс сезу мен дәм сезу жоғалатынын мойындады.

Оның айтуынша, коронавируспен ауырған кезде тауықты құлпынайдан ажырату мүмкін емес. Песков сонымен қатар КВИ белгілері бойынша тұмауға ұқсас екенін айтты. Кремльдің ресми өкілі ауру жұқтырған күнін еске алған, спортпен айналысып, тіпті 7 шақырым жүгіргені туралы айтты. Песков сол кезде физикалық жағдайы жақсы болғанын жасырмады.

Бейнекадрлардан Дмитрий Песковтың сақалын жібергенін көруге болады. Сұхбат алушы сондай-ақ, баспасөз хатшысы салмақ жоғалтқанын атап өтті, шынымен салмақ тастады деп жауап берді.

Ресей Федерациясында КВИ-мен ауыратын науқастардың саны 400 мыңнан асып кетті. Соңғы тәулік ішінде елде 9 268 жаңа инфекция анықталған. Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша Ресей Федерациясы инфекция жұқтырғандар саны бойынша әлемде үшінші орында.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Салмақ тастаған Песков коронавирус кезіндегі әсерімен бөлісті