Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда 1 маусымнан бастап қала маңы автобустары жүре бастайды

Опубликовано:

Бүгіннен бастап Нұр-Сұлтанда қала маңындағы маршруттар қайта қатынай бастайды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы City Transportation Systems Facebook-тегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда 1 маусымнан бастап қала маңы автобустары жүре бастайды
Фото: NUR.KZ: Original

1 маусымнан бастап Қазақстан астанасында қала маңындағы автобустар өз жұмысын бастайды. Компанияның мәліметінше, қоғамдық көліктердің жүру кестесі таңғы 6-дан кешкі 10-ға дейін болады.

Автобустар дезинфекциядан өтеді, ал жүргізушілер қолданыстағы санитарлық нормаларды сақтайды. Компания жолаушылардың өздері бетперде кию керектігін хабарлады.

Сонымен қатар, CTS жол жүру ақысын тек қолма-қол ақшасыз әдіспен төлейтінін еске салды.

Айта кету керек, Нұр-Сұлтанда 2020 жылдың 31 мамырында 2 106 коронавирус инфекциясы тіркелген. 1 121 адам аурудан айыққан. Астанада қазірге дейін КВИ-дан 6 науқас қайтыс болды.

Еске салсақ, бұған дейін Нұр-Сұлтандағы өткізу-бақылау бекеттері 1 маусымға қараған түні алынатыны туралы хабарлаған едік.

Еліміздің оңтүстік астанасындағы блок-бекеттер де толығымен алынатынын жазған едік.

Қазақстанның ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жолдағы кедергілерді алып тастауға қатысты мәлімдеме жасаған еді. Ол қазақстандық полицейлердің жұмысын қорытындылап, оларға осы қиын кезеңде адал қызмет еткендері үшін алғыс айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858259-nr-sltanda-1-mausymnan-bastap-kala-may-avtobustary-zre-bastajdy/

pixel