RU

Ақтаулық қыз өзі ұрлап кеткен көлікпен жол шетінде аударылып қалды

Ақтауда ішімдік ішкен қыз көлік жуу орнынан темір тұлпарды ұрлап кеткен. Көп ұзамай көлік төңкерілген күйде табылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтауда қыз көлік ұрлап, жол апатына ұшырады
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Оқиға кеше, 31 мамырда болған.

Куәгерлер болған оқиғаның желісін ортаға салды.

Олардың айтуынша, барлығы қыздың қалалық көлік жуу орталығына барғанынан басталған.

"Біраз уақыттан кейін ол бейтаныс көлікке отырып, оталдыра жөнеліпті. Кейін ұрланған көлік апатқа ұшырады", - деп хабарлады Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметі.

Полицейлер жол талғамайтын көлік ұшыраған апат туралы таңғы сағат 6-да білген. Хабарламада айтылғандай, Ақтау қаласының 33-шағын ауданында жол-көлік оқиғасы орын алған.

Қалалық патрульдік полиция апат орнына жөнелтіліп жеткенде, ұрлықшы қыздың мас болғандығы анықталды. Тізгіндеу кезінде көлікті басқара алмай, жол талғамайтын көлік жолдың шетіне шығып кетіп, аударылылған.

Көлік айып тұрағына жеткізіліп, ал қызға екі бап бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Біріншіден, мас күйде көлік жүргізгені үшін (Әкімшілік кодекстің 608-бабы), екіншіден, нәтижесінде адамдар, көлік құралдары немесе басқа мүлік зардап шеккен жол ережесін бұзғаны үшін (610-бап).

Полиция оқиғаның егжей-тегжейін анықтап жатыр.

Еске салсақ, Атырау-Астрахан тас жолының 185-шақырымында КамАЗ әскери көлігі мен жедел жәрдем көлігі соқтығысқан. Соның салдарынан жедел жәрдем көлігінің ішіндегі адамдардың барлығы – жүргізуші мен екі медицина қызметкері көз жұмды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1858317-aktaulyk-kyz-zi-rlap-ketken-klikpen-zol-setinde-audarylyp-kaldy.html