Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәйітін тұрғындар тауып алған: Қызылорда облысында сәби арыққа түсіп кетті

Опубликовано:

Қызылорда облысында ата-анасының қарауынсыз қалған бір жастағы қыз бала арықтағы суға құлап, мерт болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Мәйітін тұрғындар тауып алған: Қызылорда облысында сәби арыққа түсіп кетті
Көрнекі фото: pixabay.com: Twitter

Бұл оқиға Жалағаш ауданына қарасты Жаңаталап ауылында болған.

«Оқыс оқиға туралы хабарлама облыстық диспетчерлік жедел басқару басқармасына келіп түсті. 2019 жылғы қыз бала ауыл ішіндегі арықтағы суға құлап, қаза болды.

Оны ата-анасы қараусыз қалдырған. Баланың мәйітін судан жергілікті тұрғындар шығарған», - деп мәлімдеді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Айта кетерлігі, өңірде жыл басынан бері барлығы 8 адам суға кеткен. Олардың 4-еуі бала болса, қалғаны - ересек азаматтар.

Сондай-ақ, Шымкентте Бадам өзенінен 14 жастағы баланың мәйіті табылғаны туралы хабарлаған едік.​ 31 мамыр күні сағат 16.30 шамасында жасөспірімнің денесін сол маңдағы куәгерлер шығарған.

Колос аялдамасы маңындағы көпірдің тұсынан мәйіті табылған бала Түркістан облысы Төлеби ауданынан қалаға қонаққа келген екен.

Алдын ала болжам бойынша, құтқарушылар 2006 жылы туған бала абайсызда суға құлап кеткен дегенді алға тартуда. Өйткені өзеннен алып шыққан кезде марқұмның үстінде киімі болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1858322-mjitin-trgyndar-tauyp-algan-kyzylorda-oblysynda-sbi-arykka-tsip-ketti/

pixel