Выйти
RU

1 маусымнан бастап Қазақстанда қандай нысандар жұмысын қайта бастады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанда жаздың алғашқы күнінен бастап коронавирус жағдайына байланысты енгізілген шектеулер жеңілдетілді. Блок-бекттер алынып, бірқатар нысандар өз жұмысын қайта жалғастырып жатыр. Осы орайда KAZ.NUR.KZ порталы бүгіннен бастап республикада қай нысандар іске қосылғанын хабарлайды.

Қай жердегі блок-бекеттер алынды және 1 маусым күнгі өзгерістер

Фото: NUR.KZ

Бұған дейін елде коронавирустың таралуын болдырмау үшін шектеу шаралары енгізілген болатын.

Блок-бекеттер

Қазақстанның түрлі қалаларында блок-бекттер алынуда. Осыған дейін біз 1 маусымда сағат 00:00-де Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларындағы жолдар ашылады деп жазған едік. Сондай-ақ, Шымкент қаласында, Жамбыл облысында, Атырауда блок-бекеттер алынатынын хабарлаған болатынбыз.

1 маусымда сағат 00:00-ден кейін Алматы полициясы бақылау-өткізу пункттеріндегі суреттермен бөлісті. Онда бетон блоктар мен қоршауларды алып тастағаны анық байқалады. 74 күн бойы облыс тұрғындары мегаполиске кіре алмаған.

Нысандар

Алматы әкімдігі 1 маусымнан бастап қалада СПА-салондар, қоғамдық моншалар мен сауналар қайта жұмыс істейтін мәлімдеген. Бұл ұйымдардың қызметі қолданыстағы санитарлық нормаларды қатаң түрде сақтай отырып жүргізілуі керек екендігі де баса айтылған болатын.

Сонымен қатар, жұмысқа кіріспес бұрын олар арнайы ресурста тіркелуі керек. Тіркелгеннен кейін аталған ұйымдардың иелері ережелерді сақтауға дайын екендіктерін растайды. Санитарлық нормалардың сақталуы қадағаланады. Бұзушылықтар үшін санкциялар қарастырылған, тәртіп бұзылған нысандар тіпті жабылып қалуы мүмкін.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Бүгіннен бастап азық-түліктік емес базарлар да ашылады, атап айтқанда, барахолка іске қосылады. Шектеулер тексерістен өткен базарлардан ғана алынады.

Тұрғын үйлерді зарарсыздандыру жұмыстары жалғасады.

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында да СПА, фитнес-орталықтар мен спорттық нысандар қайта іске қосылды. Ұйымдар қатаң санитарлық нормаларды сақтауға міндетті.

Сондай-ақ, бүгіннен бастап елордада мектепке дейінгі білім беру мекемелері мен қосымша білім беру ұйымдары өз есігін айқара ашпақ.

Otyrar.kz-тің хабарлауынша, бүгіннен бастап Шымкентте кафелер, мейрамханалар, СПА-салондар, фитнес-орталықтар ашылады. Бұл ұйымдардың барлығы санитарлық қауіпсіздік ережелерін сақтау керек.

Сонымен қатар, балабақшалар да өз жұмысын бастайды.

Сондай-ақ, бүгіннен бастап қалада халыққа қызмет көрсету орталықтарынңы да жұмысы жанданады. Олар жеке тұлғаларға қызмет көрсете бастайды, бірақ шымкенттіктерге алдымен кезекке тұру керектігі ескертілді.

Lada.kz хабарлағандай, бүгіннен бастап Маңғыстау облысында да моншалар мен СПА-орталықтары өз жұмысын бастайды.

Бүгіннен бастап аймақта жағажайлар да ашыла бастайды.

1 маусымнан бастап Батыс Қазақстан облысында мейрамханалар, барлар, кафелер мен асханалар жұмысын қайта бастайды. Сонымен қатар мекемелерге 30-дан артық адам кіргізуге болмайды, бір үстелде 4 адамнан артық отырмауы тиіс. Мекемелер таңғы 10-дан кешкі 10-ға дейін жұмыс істейді.

Тағы да оқыңыздар

Бөлмеде өсіруге арналған гүлдер

Қайта ашылған моншалар мен сауналар да осындай жұмыс кестесімен іске қосылмақ деп жазады "Мой город".

Ірі сауда орталықтары кешкі 8-ге дейін жұмыс істейді.

1 маусымнан бастап Атырау облысында балабақшалар, кафелер, мейрамханалар, фитнес-орталықтар мен барлық спорттық нысандар өз есігін айқара ашады. Бұл туралы облыс әкімдігінде хабарлады.

Әкімдіктен хабарлағандай бүгіннен бастап Қарағанды ​​облысында діни нысандардың жұмысы қайта жанданады. Саны 30-дан аспайтын адам қатысқан жағдайда рәсімдерді өткізуге рұқсат етіледі.

Сонымен қатар әртүрлі деңгейдегі жолаушылар тасымалы қайта жанданды.

Азық-түліктік емес базарлар жұмысын бастайды.

Теміртау қаласында және Ботақара ауылында тамақтану, сауда және ойын-сауық орталықтарының, бизнес орталықтарының, қонақүйлердің, балабақшалардың жұмысы қайта жанданады.

Жамбыл облысы әкімдігінің хабарлауынша, 1 маусымнан бастап халыққа қызмет көрсету орталықтарының, балабақшалардың және қосымша білім беру ұйымдарының (топта 15 адамнан аспауы керек), автобус және вокзал, мәдени және спорт нысандарының (көрерменсіз) жұмысы қайта жанданады.

Сондай-ақ, бүгіннен бастап фитнес-клубтар мен СПА-салондар (монша кешендерінің сыртында) жұмысын бастайды.

Тағы да оқыңыздар

Декреттік демалысқа шығу үшін қандай құжаттар қажет?

1 маусымнан бастап Алматы облысында да моншалар мен СПА-салондардың жұмысы жанданады. Саябақтар мен алаңдардарда серуендеуге болады. Ал бұқаралық шараларға әлі де тыйым салынған.

Шығыс Қазақстан облысында жағдай басқаша. Өңірде, Өскемен мен Семей қалаларын қоспағанда, коммерциялық моншалардан, сауналардан, түнгі клубтардан, барлардан, караоке мен кальяннан басқа барлық қызмет түрлеріне рұқсат етілді.

Халықтың серуендеуіне де рұқсат. Жеке автокөлік құралдарына қатысты барлық шектеулер алынған. Бұл туралы облыс әкімдігінің сайтында хабарланды.

Қазақстанда кинотеатрлар әлі ашылған жоқ. Аталған мекемелер өз жұмысын ағымдағы жылдың 15 маусымында қайтадан бастайды деп жоспарлануда.

Көлік

Бүгіннен бастап Нұр-Сұлтанда қала маңындағы автобустар қайтадан жүре бастады. Елордадағы қоғамдық көліктер таңғы 6-дан кешкі 10-ға дейін қызмет көрсетеді.

1 маусымнан бастап Алматыдағы қоғамдық көліктер бұрынғы (карантинге дейінгі) режимге оралады. Автобустар таңғы 6-дан кешкі 11-ге дейін жүреді. Қала маңындағы автобустардың жұмысы да қайта жанданады.

Маңғыстау облысында таңғы сағат 6-дан кешкі 11-ге дейін жалпы қозғалысқа рұқсат берілген.

Тағы да оқыңыздар

Денсаулыққа арналған пайдалы кеңестер

Семейде кешкі сағат 9-дан таңғы 5-ке дейін қозғалысқа әлі де шектеулер бар.

Әр қаланың билік өкілдері маска режимін сақтау керектігін еске салады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
1 маусымнан бастап Қазақстанда қандай нысандар жұмысын қайта бастады