Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Азия елдерінде коронавирустан қайтыс болғандардың көрсеткіші неге төмен

Опубликовано:

Жапониялық ғалым Кэнтаро Ивата еуропалық мемлекеттерге қарағанда Азия елдерінде өлім-жітім неге аз екенін түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Азия елдерінде коронавирустан тіркелген өлім-жітім пайызы неге аз
Көрнекі фото: pixabay.com: Getty Images

Иватаның айтуынша, Еуропа мемлекеттеріне қарағанда Жапонияда және Азияның басқа елдерінде жаңа коронавирустан болған өлім аз тіркелуде деп жазады РБК.

Ол Жапонияның аумағында пандемия кезінде сегіз жүзге жуық адам вирус құрбанына айналғанын, ал Бельгияда барлығы 1 млн адамға 700 адам қайтыс болғанын еске салды.

Мәселен, Жапонияда өлім-жітім пайызы 1 млн адамға 6,4 адамнан, Қытайда-3, Оңтүстік Кореяда-5 адамнан келеді.

Ал Италия, Испания мен Ұлыбританияда көрсеткіштер мүлде басқа. Аталған елдерде 1 млн халықтың 500 адамы қайтыс болған.

Эпидемиолог пікірінше, азиялық елдердің өкілдері гендерінде инфекцияны жеңіл түрде қабылдайтын ерекшелік бар болуы мүмкін.

Азиялық басқа вирустармен ауырғандықтан, мықты иммунитетке ие болуы да ықтимал. Одан бөлек, ғалым азиаттар семіздікке бейім емес деп болжады.

Демек, Азия тұрғындарында тромбалар мен гипертония пайда болмайды. Осыған байланысты, еуропалықтарға қарағанда азиялықтар вирусты осал қабылдайды дейді маман. Ивата мұның барлығы тек гипотеза екенін ескертті.

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 450 адам тіркелді. Осылайша, елде COVID-19 диагнозы расталғандар саны 11 308-ге жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858335-azia-elderinde-koronavirustan-kajtys-bolgandardy-krsetkisi-nege-tmen/

pixel