Выйти
RU

Алматы тауларында жоғалып кеткен Әсел Панарғалиеваның денесі табылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматының тауларынан өткен жылдың қараша айында жоғалып кеткен Әсел Панарғалиеваның денесі табылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Фото: vk.com/gornotravel

Фото: vk.com/gornotravel

Бұл мәліметті ішкі істер министрлі төтенше жағдайлар комитетінің республикалық жедел-құтқару жасағы растады.

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, бойжеткеннің денесі кеше, 31 мамырда Үлкен Алматы көлінің жоғары жағынан Космостанция аумағынан табылған.

NUR.KZ толығырақ мәлімет алу үшін Алматы қалалық полиция департаменті мен ТЖК өкілдеріне сауалхат жолдады.

Полиция департаменті сот-медициналық сараптама нәтижелерін күтетіндерін жеткізді.

Еске салайық, Әсел Панарғалиева өткен жылы 9 қарашасында үйінен кетіп, сол күйі оралмаған.

Төтенше жағдайлар комитетінің республикалық жедел-құтқару жасағы 26 жастағы арудың жоғалғаны туралы 10 қараша күні түнде білген.

Кейіннен оның туыстары төтенше жағдайлар комитетіне хабарласып, іздеу жұмыстарын тоқтатуды сұраған.

Ал 11 қарашада төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов іздеу жұмыстары қайта жалғасатынын мәлімдеді.

14 қарашада сағат 16:00-де тікұшақтық әуе эскадрильясы командирінің орынбасары Өміржан Асанғалиевтің басшылығымен, республикалық жедел-құтқару жасағынының құтқарушыларымен бірге ІІМ ТЖК-нің МИ-171 "Казавиаспас" тікұшағы "Боралдай" әуежайынан ұшып шықты.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Жоғалған турист қызды іздестіру шаралары ұзақ уақытқа созылды, алайда, ешқандай нәтиже берген жоқ.

Әсел Панарғалиеваның туыстары ол туралы құтқарушыларға көмектесетін қандай да бір ақпарат бергендер үшін сыйақы жариялады.

Құтқарушылар іздеу аймағын кеңейтті, алайда, одан да нәтиже шықпады.

Кейінірек республикалық жедел-құтқару жасағынының баспасөз қызметі іздестіру шаралары тоқтатылғанын, іздеу жұмыстары көктемде қайта жалғасатынын мәлім еткен еді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматы тауларында жоғалып кеткен Әсел Панарғалиеваның денесі табылды