Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Блок-бекеттегі жол апаты: Зардап шеккен үшінші полицейдің жағдайы қалай

Опубликовано:

Дәрігер Алматыдағы блок-бекетте болған жол апатынан зардап шеккен тәртіп сақшысының хал-жағдайын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz: Instagram

Нейрохирург Александр Романчиктің сөзінше, қазіргі уақытта пациенттің жағдайы жақсарып келеді.

"Жансақтау бөлімінен профильді нейрохирургия бөліміне ауыстырылды. Денсаулығын қайта қалпына келтіру мен оңалту басталды", – дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін тәртіп сақшысының жансақтау бөлімінде жатқанын жазған болатынбыз.

Айта кетейік, екі полиция қызметкерінің өмірін қиған жол апаты 25 мамыр таңғы сағат 5.30-да Көксай ауылындағы блок-бекетте болған.

BMW көлігінің жүргізушісі әуелі бетон қоршауға, содан кейін полиция қызметкерлерінің көлігіне соқтығысқан болатын. Көлік ішінде қос бірдей полиция қызметкері отырған.

Алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында полиция аға лейтенанты Жалғас Жанғазиев қайтыс болса, оның әріптесі, полиция сержанты Дастан Әбдіқанов ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, сол жерде есін жимастан көз жұмған.

Жол апатына кінәлі азамат қамауға алынды. Оның мас күйде көлікке отырғаны және бұрын құқық қорғау органдарында қызмет еткені анықталды.

Осы жайттан кейін Ішкі істер минсистрі Ерлан Тұрғымбаев бірқатар полиция басшыларын қызметінен босатып, бірқатарына қатаң сөгіс пен ескерту жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858357-blok-bekettegi-zol-apaty-zardap-sekken-sinsi-policejdi-zagdajy-kalaj/

pixel