Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қонжығын қорғаған": Алматы облысында балық аулауға барған ер адам аюдың құрбаны болды

Опубликовано:

Алматы облысында өз баласын қорғамақ болған аю балық аулауға барған ер адамды талап өлтірген деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Қайғылы жағдай 30 мамыр күні сағат 06.25 шамасында Алматы облысы Алакөл ауданының тауларында болған.

Жыртқыш 1979 жылғы Ресей азаматына шабуыл жасаған.

Куәгерлердің айтуынша, марқұм туыстарына демалуға келген Лепсинск ауылының тумасы.

Ол 28 мамыр күні "Лайка" тұқымды итпен және үш танысымен бірге Лепсі өзеніне балық аулауға барыпты. 30 мамыр күні, үйге қайтып келе жатқанда ит аюдың қонжықтарын байқап, оны қуған. Итті борсықтың ізіне түсті деп ойлаған атты жолаушы соңынан ерген көрінеді.

"Ағаштардың өсіндісіне жүгіріп кеткен ит, бір мезетте қатты ұлыған. Қаза болған адам итіне көмектеспек болып ағаш өсінділеріне кіріпті. Біраз уақыт өте ер адамның қатты дауысы естілген. Сол сәтте бұталарды сындыра өсінді арасынан, жылқы мен адамдарды қорқыта аю шығып, орманға қарай қашқан", – дейді Алакөл аудандық полиция бөлімінің басшысы Қуат Оспанов.

Оспанов қайтыс болған ер адамның денесін достары тапқан кезде, онда ешқандай өмір белгілері болмағанын да атап өтті.

Аталған дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне оқыс оқиға ретінде тіркелген.

Полицейлер көктемгі кезеңде аюлар өз қонжықтарын қорғау мақсатында агрессивті болатындығын және осыған байланысты сақтық шараларын сақтау қажеттілігін ескертті.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ақтөбе облысында ұрғашы қасқырдың бес қойды жарып, тағы екі итті жарақаттап кеткенін хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858378-konzygyn-korgagan-almaty-oblysynda-balyk-aulauga-bargan-er-adam-audy-krbany-boldy/

pixel