Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Министр Нұрымбетовтің туған ағасы қызметінен кетті

Опубликовано:

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтің туған ағасы қызметінен кету туралы шешім қабылдаған. Ол Жамбыл облысында жұмыс істеген. Шенеунік еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы қызметін атқарды. Қазір оған қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тимуржан Нұрымбетов. Фото: Time.kz
Тимуржан Нұрымбетов. Фото: Time.kz: UGC

31 арна таратқан ақпаратқа сәйкес, Тимуржан Нұрымбетовке қатысты сотқа дейінге тергеу жүргізілуде.

Ол пара алды деген күдікке ілінген. Бұрынғы басшысы қазіргі кезде үй қамақта.

Zakon.kz-тің мәліметінше, Тимуржан Нұрымбетов өз еркімен басқарма басшысы қызметінен кеткен. Оның орнына Жорабек Баубеков тағайындалған.

Министрдің ағасы Жамбыл облысы әкімдігінде түрлі лауазымдарда он бес жыл жұмыс істеген. Ведомствоның жетекшісі болып өткен жылы тағайындалған.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласы мен Байзақ және Талас аудандарының әкімдеріне карантин режимін тиісті дәрежеде қамтамасыз етпегені үшін сөгіс жариялаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858386-ministr-nrymbetovti-tugan-agasy-kyzmetinen-ketti/

pixel