Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Біртанов коронавируспен жанын салып күрескен қызметкерлерге алғысын жаудырды

Опубликовано:

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавируспен күрес жолында аянбай еңбек еткен медицина қызметкерлеріне, полицейлерге және еріктілерге ризашылығын білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Елжан Біртановтың Facebook желісіндегі парақшасы
Фото: Елжан Біртановтың Facebook желісіндегі парақшасы: Instagram

Бұл туралы министр Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Қазақстанда COVID-19 таралуына жол бермеу жолында жан салып еңбек еткен медицина қызметкерлеріне, полицейлерге және еріктілерге ерекше алғыс білдіремін.
Сіздер елімізде төтенше жағдай жарияланған алғашқы күннен бастап азаматтардың денсаулығын, қауіпсіздігін күзеттіңіздер. Біз сіздердің еңбектеріңізді бағалаймыз және елдің амандығы үшін үлкен үлес қосқандарыңызды түсінеміз. Сіздердің әрекеттеріңіз – біз үшін ерліктің, батылдық пен ынтымақтың айқын үлгісі!
Өздеріңізге және жақындарыңызға зор денсаулық тілеймін!", - дейді денсаулық сақтау министрі.

Еске сала кетсек, 1 маусымға қараған түні Қазақстанның әртүрлі қалаларында коронавирус пандемиясына байланысты наурыз айында қойылған блок-бекеттер алынды.

Мәселен түнгі сағат 00:00-ден кейін Алматы полициясы бақылау-өткізу пункттеріндегі суреттермен бөлісті. Онда бетон блоктар мен қоршаулардың жоқ екені анық байқалады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858402-birtanov-koronaviruspen-zanyn-salyp-kresken-kyzmetkerlerge-algysyn-zaudyrdy/

pixel