Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Блок-бекеттегі жол апатынан зардап шеккен полицей жайлы тың дерек шықты

Опубликовано:

Алматы блок-бекетіндегі жол апатынан зардап шеккен полицей қазір №7 ауруханада жатыр. Оның қазіргі жағдайы туралы нейрохирург Александр Романчик айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ "ҚазАқпарат" агенттігіне сілтеме жасап.

Блок-бекеттегі жол апаты: Зардап шеккен полицей жайлы тың дерек шықты
Көрнекі фото: NUR.KZ: Depositphotos

Науқас қазір жансақтау бөлімінен профильді нейрохирургия бөліміне ауыстырылған. Зардап шеккен тәртіп сақшысы тиісті ем қабылдауды жалғастырып жатыр.

"Пациенттің клиникалық және неврологиялық жағдайы қалыпқа келді",- деп түсіндірді Романчик.

Полиция ауруханаға түскен кезде бас сүйегінің трепанациясы жасалып, гематома алынып тасталған. Ол өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Полиция жол апатынан аға лейтенант Ербұлан Сейдазым аман қалғанын хабарлады. Тәртіп сақшысы автокөлік құралын тексеріп тұрған.

Еске сала кетейік, екі полиция қызметкерінің өмірін жалмаған жол апаты 25 мамырда таңғы сағат 5.30-да Көксай ауылындағы блок-бекетте болған.

BMW көлігінің жүргізушісі, әуелі бетон қоршауға соғылып, содан кейін полиция қызметкерлерінің көлігіне соқтығысқан. Көлік ішінде қос бірдей полиция қызметкері отырған.

Алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында полиция аға лейтенанты Жалғас Жанғазиев қайтыс болса, оның әріптесі полиция сержанты Дастан Әбдіқанов ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, сол жерде есін жимастан көз жұмған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858419-blok-bekettegi-zol-apaty-zardap-sekken-policej-zajly-ty-derek-sykty/

pixel