Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда итті қорлағандар анықталып, қылмыстық іс қозғалды

Опубликовано:

Атырауда жеті қазынаның бірі – итті қорлағандар анықталып, қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Атырауда итті қорлағандар анықталып, қылмыстық іс қозғалды
Фото: Instagram/ zello_atyrau: UGC

Әлеуметтік желіде итті қорлауға байланысты екі видео тараған болатын. Оның бірінде көшеде итті атқан. Екінші видеода итті тұншықтырған.

"Бірінші оқиға 30 мамырда Атырау қаласының маңындағы «Береке» шағынауданында болған. Ал, екінші жағдай 31 мамырда Еркінқала кентінде орын алған. Полиция қызметкерлері осы оқиғаларға қатысы бар күдікті ретінде 1979 жылы туған екеуді және 1986 жылғы тағы бір азаматты анықтады",- деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған фактілер бойынша күдіктілерге қатысты Қылмыстық Кодекстің 316-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Айта кетейік, Үндістанда дін қызметкері храмға кірген жергілікті тұрғынның басын кесіп тастады.

70 жастағы Сансари Оджа- Брахмани храмындағы дін қызметкері. Ол Құдайға құлшылық ету үшін келген 55 жастағы қала тұрғынының басын кесіп тастады.

Кейін Сансари полицияға өз еркімен берілген. Ол азаматты коронавирусты жеңу үшін өлтіргенін мәлімдеген.

Алайда, дін қызметкері мен марқұмның арасында манго бағына байланысты бұрыннан жанжал болғаны анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858421-atyrauda-itti-korlagandar-anyktalyp-kylmystyk-is-kozgaldy/

pixel