RU

Елімізде тағы 263 адам коронавирус жұқтырған

Қазақтанда өткен тәулікте тағы 263 адам коронавирус анықталған. Қазіргі уақытта жалпы ел аумағында COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 11571-ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz ресми сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Depositphotos

Қазақстанда 1 маусым 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша тағы 263 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болған.

Олардың 59-ы Нұр-Сұлтан қаласынан, 29-ы Алматы қаласынан, 27-ы Батыс Қазақстан облысынан, 24-і Қарағанды облысынан, 19-ы Маңғыстау облысынан, 18-і Шымкент қаласынан, 16-ы Қызылорда облысынан, 15-ы Алматы облысынан, 14-і Атырау облысынан, 13-і Жамбыл облысынан, 11-і Павлодар облысынан, жетеуі Шығыс Қазақстан облысынан, алтауы Ақтөбе облысынан және бес адам Түркістан облысынан.

Ауру өсімі өткен тәулікте 2,3% құраған.

Ал бүгінде вирусты жеңіп, ауруынан айыққандар саны 5587-ге жеткен. 41 адам COVID-19-дан көз жұмған. Соңғы рет өлім жағдайлары Шымкент қаласы мен Павлодар және Батыс Қазақстан облысында тіркелген.

Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны бойынша Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы және Атырау, Қарағанды облыстары көш бастап тұр.

Ал Солтүстік Қазақстан облысы - вирус жұқтырғандар ең аз өңір болып қалып отыр. Аймақта тек 59 адамнан ғана COVID-19 анықталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1858448-elimizde-tagy-263-adam-koronavirus-zktyrdy.html