Выйти
RU

"Мәжбүрмін": Тәуекел Мүсілім үйлену тойын жасағысы келмейтінін айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық шоу-бизнес жұлдызы Тәуекел Мүсілім үйлену тойына қатысты бірқатар тың мәліметтермен бөлісті. Белгілі болғандай, актердің қуанышына көптеген достары шақырылмайды. Оған таңдалған мейрамханадағы адам сыйымдылығы себеп болып отыр. Карантинде табыссыз қалған өнер иесі дүбірлі тойды өткізу үшін үлкен тәуекелге барғанын алға тартты деп жазады KAZ.NUR.KZ Алматы арнасына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/mussilim/mahonti_. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/mussilim/mahonti_. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

30-дан асқан шағында отау құрғалы жатқан Тәуекел Мүсілім шын мәнінде үйлену тойын жасағысы келмейтінін айтты. Ол мерекелік шараны көптеген адамдар асыға күткендіктен өткізуге мәжбүр екенін жасырмады.

Актер карантин салдарынан табысынан қағылғандықтан той қарсаңында үлкен шығынға кетіп жатқан көрінеді. Алайда, сері жігіт қолынан келгенше дүбірлі тойды есте қаларлықтай, абыроймен дүркіретіп өткізбек.

"Қаражат жағынан шығын бар. Ол ертен қонақтар күтіп алу мәселесі бар. Жезқазғаннан нағашыларым, Шымкенттен өз туыстарым келеді. Қонақтар саны бойынша төрт жүз шамасына шектелейін деп жатырмыз. Негізі одан да көп. Достарым өте көп. олардың барлығын бірдей шақыра алмайтын болып жатырмын. Оны өздеріне түсіндіріп айтамын. Себебі, барлығын сыйдыру мүмкін емес.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Тапқан мейрамханамыз да төрт жүзге жуық адамға арналған. Ал негізі тойға келгісі келетін жандар көп. Туыстарым да бала-шағасымен келейін деп жатыр. Барлығы қызық көргісі келіп отыр. Әртістерді көргісі келеді. Той емес, концерт болайын деп жатыр ғой. Маусым айын күтеміз. Бәрі дұрыс болса, жаз ортасында өткізбекпіз.

Маған сондай рұқсат берілсе, мен той жасамайтын да едім. Бірақ амал жоқ жасаймыз. Бұл біздің парыз. Барша туған-туыстардың көңілі қалмас үшін. Барымен базар болып, жақсы күтіп аламыз барлығын" , - деді Тәуекел Мүсілім.

Айта кетейік, бұған дейін Тәуекел Мүсілімнің тойы қалай өтетіні белгілі болды. Көптен күткен шара жеті бөлімнен тұрмақ.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Мәжбүрмін": Тәуекел Мүсілім үйлену тойын жасағысы келмейтінін айтты