RU

Қарағанды облысында үшқабатты үйдің балконы опырылып түсті (видео)

упавший балкон (кадр из видео)
Фото: Видеодан кадрлар: Getty

Қарағанды облысының Шашубай кентінде үшқабатты үйдің балконы опырылып түскен. Салдарынан ерлі-зайыпты екі адам зардап шеккен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ orken-media.kz сайтына сілтеме жасап.

Жұбайлар оқиға орнынан бірден Балқаш қаласындағы орталық ауруханаға жеткізілді.

Екінші қабаттан құлаған 36 жастағы әйел адам кеуде қуысының соғылуы, шынтақ сүйегінің жабық сынығы және бет жарақаттарын алған.

Сонымен қатар, бас сүйек-ми зақымы диагнозымен ауруханаға жатқызылған.

Ақ халаттылар оның жағдайы орташа деңгейде ауыр деп бағалап отыр.

Ал ер адамның жағдайы тұрақты. Оның миы шайқалған, кеуде тұсынан алған ауыр соққыдан бауырына зақым келген.

Қазір ер-зайыптылар ем қабылдап жатыр.

Айта кетейік, осыған дейін Қытайда алты қабатты қонақ үй опырылып құлағанын хабарлаған едік. Онда коронавирусқа шалдыққандармен байланыста болған адамдар карантинде жатқан. Қазіргі уақытта қирандылар астынан 50 шақты адам шығарылды.

Аталған қонақ үй коронавирусқа шалдыққандармен байланыста болған адамдарды оқшаулау мақсатында пайдаланылған.

Алайда, елдегі бірде-бір ведомство бұл ақпаратты ресми түрде растаған жоқ. Ғимараттың құлауына не себеп болғаны да белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1858461-karagandy-oblysynda-skabatty-jdi-balkony-opyrylyp-tsti-video.html