RU

"Бір дастархан басында": Алтынай Жорабаева жаңа отбасылық фотосымен бөлісті

Қазақ эстрадасының әншісі Алтынай Жорабаева жолдасы мен қыздарымен таңғы ас ішіп отырған сәтінен фото жариялап, желіде қызу талқыға түсті. Көпшілік өнер иесінен екінші күйеуінің түрін жаба бермей, халыққа көрсетуін сұраған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/altynaizhorabayeva
Фото: Instagram/altynaizhorabayeva: Instagram

Жақында ғана екінші мәрте тұрмысқа шығатынын хабарлаған Алтынай Жорабаева жанкүйерлерін отбасылық кадрлармен жиі қуантуда. Бұған дейін әнші Instagram парақшасында қыздары мен күйеуінің әсерлі видеосымен бөліссе, енді олармен таңғы ас ішіп отырған сәтінен фото жариялаған.

Сонымен қатар, өнер иесі отағасы мен қыздарына таңғы асты қалай дайындайтынын көрсеткен. Видеодан Жорабаеваның алдымен жаттығу жасап, кейін асханада тамақ әзірлеуге кіріскенін байқауға болады.

Алайда, эстрада жұлдызы отбасылық фотода жолдасының түрін жауып қойған. Бұл жайт желідегілердің көңілінен шыға қоймағаны анық. Олар әншіден жүрегін жаулай алған азаматты көрсетуді сұраған.

Желі қолданушылары бейнежазбаға сүйеніп, Алтынай Жорабаева мен оның сүйіктісі бірге тұра бастағанын болжады.

"Жолдасыңызды жаба бермей көрсетіңізші" , "Төрге шығарыпты" , "Төрде арыстан отыр ғой" , "Қандай керемеь, бақытты болыңыз" , "Бірге тұрып жатқан сияқты ғой. Таңғы ас дайынап бергеніне қарасақ" , - деп жазуда көпшлік.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алтынай Жорабаева екінші мәрте тұрмысқа шыққалы жатқанын хабарлаған болатын.

Айта кетейік, бұған дейін Алтынай Жорабаеваның жолдасы туралы оның келіні айтып қойған болатын. Талғат Жорабаевтың жары қайын әпкесі өзіне одан бетер жақындай түскенін астарлап жеткізді.

Кейін Алтынай Жорабаеваның өзі таңдауы өзінен екі жас кіші қостанайлық жігітке түскенін айтқан еді. Өнер иесінің ғашығы арғын руынан екені белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1858472-bir-dastarhan-basynda-altynaj-zorabaeva-zaa-otbasylyk-fotosymen-blisti.html