Выйти
RU

"Үш ай түрмеде отырғандаймыз": Теңіз кең орнының жұмысшылары наразылығын білдірді (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желіде Теңіз кен орнының вахталық кенттерінің бірінде түсірілген бейнежазбалар тарады. Кадрларда жұмысшылар тобы "Теңізшевройл" ЖШС өкілдерімен кездесуді және өздерін тез арада үйге қайтаруды сұраған деп жазады KAZ.NUR.KZ ATPress.kz сайтына сілтеме жасап.

"Үш ай түрмеде отырғандаймыз": Теңіз жұмысшылары шу шығарды

Фото: Видеодан кадрлар

"Біз шаршадық, тағы қанша күтуге болады? Үш ай түрмеде отырған сияқтымыз, ал үйде бала-шағамыз, жанұямыз бар. Сараптама алғандарына 20 күн болды, әлі нәтиже жоқ! Неге басшылық емес, тек біз, жұмысшылар ауырамыз?", - деді олар.

Видеодан осы және өзге де наразылықтарды естуге болады. Жұмысшылар өз талаптары орындалмаған жағдайда, аштық жариялайтынын айтты.

Өңірлік шұғыл штаб ATPress.kz cайтына бұл жайттың 30 мамыр күні екі мердігер ұйым жұмысшылары тұратын вахталық кентте болғанын мәлім еткен. 30-ға жуық жұмысшы карантиннің созылуына наразылық білдірген.

Олардың барлығы COVID-19 жұқтырған адаммен байланыста болғандар ретінде тексерістен өткен және 14 күндік оқшаулауда болған. Кейіннен олар қайта тест тапсыруы тиіс болған, бірақ қайта тестілеу нәтижелері кешіктірілген. Аталған мәселе шешімін табуы тиіс деп хабарлады өңірлік штаб.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Бұл -Теңіздегі бірінші бас көтеру емес. Осыған дейін кен орнының жұмысшылары қасына басқа ауылдан келген азаматтардың жатқызылғанына наразылық білдірген еді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Үш ай түрмеде отырғандаймыз": Теңіз кең орнының жұмысшылары наразылығын білдірді (видео)