Выйти
RU

Дезинфекцияның бес кезеңі және баррикадалық ленталар: Биыл ҰБТ қалай өтеді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Үкімет отырысында Білім министрлігінің басшысы Ұлттық бірыңғай тестілеудің қалай өтетінін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Дезинфекцияның бес кезеңі және баррикадалық ленталар: биыл ҰБТ қалай өтеді

Фото: camonitor.kz: Facebook

Асхат Аймағамбетов тестілеу форматы биыл өзгермейтінін мәлімдеді.

Студенттер әдеттегідей бес пән бойынша тестілеуден өтеді. Олардың үшеуі – міндетті, екеуі – таңдау бойынша.

Тестілеу жазбаша түрде өтеді.

Жалпы, ҰБТ тапсыру үшін 131 мыңнан астам өтініш келіп түскен, олардың көпшілігі – биылғы мектеп түлектерінің өтініштері.

Өткен жылғы түлектер мен колледж бітіргендерден 20 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Олар 20 маусым мен 5 шілде аралығында арнайы дайындалған 161 аудиторияда тестілеуден өтеді.

Осы жылы енгізілген жаңашылдықтардың бірі – педагогикалық мамандықтар бойынша ҰБТ-дан өту баллы 70-ке дейін көтерілген. Сонымен қатар тестілеу уақыты артып, калькулятор қолдануға рұқсат беріліп отыр.

Тағы да оқыңыздар

iHerb-тен өнім сатып алу арқылы өз ақшаңызды қалай үнемдеуге болады?

Соңғы өзгеріс ата-аналардың өтініші бойынша енгізілген.

Сондай-ақ, биыл коронавирустық пандемияға байланысты санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптары күшейтілген. ҰБТ және грантты иеленгені жайлы сертификаттар электронды түрде болады.

"Талапкерлер ҰБТ-ға кезек-кезекпен, қашықтықты сақтай отырып, баррикадалық ленталардан өтіп барып, кіреді", – дейді Білім және ғылым министрі.

Әрі қарай үміткерлер дезинфекцияның бес кезеңінен өтеді. Ол үшін арнайы дезинфекциялық туннель және аяқкиімді өңдеуге арналған төсеніш қойылады.

Сондай-ақ, қолды да тазалау қажет. Ол үшін ҰБТ тапсыру пункттерінде санитайзерлер болады.

Ал кіреберісте талапкерлердің дене температурасын өлшеп, бетперде беріледі.

Сонымен қатар аудиториялардағы талапкерлер саны екі есе азаяды, өйткені коронавирусты жұқтырудың алдын алу шараларының бірі – кемінде 2 метр арақашықтық сақтау.

Тағы да оқыңыздар

Кәріс тарихи дорамалары: 2019 жылдың тізімі

Еске сала кетсек, бұған дейін ұлттық тестілеу орталығының Дидар Смағұлов биылғы ҰБТ кезінде мектеп түлектеріне 11-сыныптың төртінші тоқсанында оқытылатын бағдарламадан сұрақ келмейтінін мәлімдеген еді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Дезинфекцияның бес кезеңі және баррикадалық ленталар: Биыл ҰБТ қалай өтеді