Выйти
RU

"Карантин ережеcін сақтадық": Түсіпбаева анасының 75 жасын дүркіретіп атап өтті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әнші Меруерт Түсіпбаева карантин уақытында анасының туған күнін той жасап, дүркіретіп атап өтті. Өнер иесі 75 жасқа толған анасының қуанышында бекітілген карантин ережелері қатаң түрде сақталғанын алға тартты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Меруерт Түсіпбаева Instagram парақшасында анасының 75 жасқа толуына орай ұйымдастырылған дүбірлі тойдан фотоларды жариялады. Эстрада жұлдызы анасының туған күнін мейрамханада тйолағанын жасырмады. Өнер иесі бас қосуда карантин талаптарына сай елу адам ғана болғанын жеткізді.

"Тойдың болғанынан - болады-сы қызық. Қазақтың керемет мағыналы сөздері көп кой. Анамның 75-жылдығын дүркіретіп өткіздік, шүкір. Карантин режимін сақтап, 50 адамнан аса шақырмадық! Заңға бағыну керек! Анамның да талабы сол болды. Әйтпесе , шақыратын адам жетеді ғой. Ренжімеңіздер, шақырылмай қалған, дос- жаран, туыстар жағдай осы. Анаңды арқалап үш рет Меккеге апарсаңда- еңбегі ақталар ма?! Анасына бір той жасап бере алмай, арманда кеткен қанша бала бар?! Мен, анашыммен мақтанамын. Аналарымыз аман-есен болсыншы" , - деп жазды Меруерт Түсіпбаева.

Еске сала кетейік, бұған дейін Меруерт Түсіпбаева анасын туған күнімен қалай құттықтағанын жазған болатынбыз. Әнші анасына аса әсерлі жазба арнап, басынан өткен қиын кезеңді есіне алды.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Карантин ережеcін сақтадық": Түсіпбаева анасының 75 жасын дүркіретіп атап өтті