Выйти
RU

АҚШ-тағы қазақ полицейі елдегі жаппай тәртіпсіздікке қатысты ойын айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Нью-Йорктегі қазақ полицейі Димаш Ниязов елдегі жаппай тәртіпсіздікке қатысты пікін білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

АҚШ-тағы қазақ полицейі елдегі жаппай тәртіпсіздікке қатысты ойын айтты

Фото: Instagram/ dimash.niyazov

"Наразылық танытып жатқан бейбіт тұрғындар мен қатігез бүлікшілер арасында үлкен айырмашылық бар. Мен полицияның қатігездігіне қарсы шыққандарды қолдаймын, өйткені мен де қарсымын. Өз қызметтерін асыра пайдаланып, өлтіріп жатқан полицейлерді ақтамаймын. Олар бұл белгіні тағуға және форма киюге лайық емес. Бірақ, мына бассыздық тоқтауы тиіс. Бізге өзгеріс қажет. Бізге бірлік пен бейбітшілік қажет", - деп жазды Димаш Ниязов Instagram парақшасында.

Айта кетейік, бүгінде Нью-Йорк, Бостон, Вашингтон, Лос-Анджелес, Детройт және АҚШ-тың көптеген қаласында полицияның қатыгездігіне қарсы наразылық акциялары өтіп жатыр.

Сонымен қатар, көтерілістер Торонтода (Канада) болды.

Мұның барлығына Джордж Флойд есімді афроамерикалық азаматтың полицейлер қолынан қайтыс болғаны себепші болып отыр.

Ер адамның қазасы Миннеаполис пен басқа АҚШ қалаларындағы халықты бей-жай қалдырмады. Тұрғындар көшелерге шығып, бас көтерді.

Ал күні кеше АҚШ билігі елдегі жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты Вашингтон мен Колумбия округына ұлттық гвардияны енгізді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
АҚШ-тағы қазақ полицейі елдегі жаппай тәртіпсіздікке қатысты ойын айтты