Выйти
RU

"Арматурамен ұрған": Аяусыз таяқ жеген Бурабайдың бұрынғы әкімі қайтыс болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Кеше Ақмола облысында Бурабайдың әкімі Шыңғысхан Темірбековті жерлеу рәсімі өтті. Марқұм ауылдың басшысы болып бірнеше жыл қызмет атқарған. Кейін салық департаментінде жұмыс істеген. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары қылмыстық істі тергеуде. Бұл туралы Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: khabar.kz

Фото: khabar.kz

Айта кетейік, осыған дейін әлеуметтік желіде марқұмның туыстары үндеуі пайда болған. Онда 23 мамыр күні Зеленый Бор ауылында Шыңғысхан Темірбековті әлдекімдердің арматурамен аясыз ұрғаны айтылған.

Салдарынан ер адам басынан ауыр жарақаттар алған, самай сүйегі сынған. 30 мамырда бұрынғы әкім ауруханада көз жұмған.

Шенеуніктің туыстары үндеу барысында күдіктінің үйде екенін жеткізген.

NUR.KZ редакциясының сауалына облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жауап берді.

Ведомство 23 мамырда Щучинск тұрғынының денсаулығына ауыр залал келтіру фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабы 1-бөлігі (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталғанын мәлімдеді.

25 мамырда тәртіп сақшыларының осы қылмысты жасадып жеп күдіктелген азамат Бурабай аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалғаны белгілі болды.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

27 мамырда сот күдіктіні үй қамағына алу шешімін шығарған.

30 мамырда жәбірленушінің қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі (Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соқтыратын денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша өзгертілген.

Күдікті қайтадан Бурабай аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалған.

"Аталған факт бойынша тергеу бөлімі мұқият және объективті тексеру жүргізеді. Қылмыстық іс полиция департаменті басшылығының бақылауында", - деп хабарлады ведомстводан.

Марқұм Шыңғысхан Темірбековтың артында кішкентай екі баласы қалды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ақмола облысында үш полиция қызметкері жол апатына ұшырап, салдарынан бөлім басшысының қайтыс болғанын хабарлаған едік.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Арматурамен ұрған": Аяусыз таяқ жеген Бурабайдың бұрынғы әкімі қайтыс болды